Паразит саңырауқұлақтар
|
Ақұнтақ, қастауыш, тат саңырауқұлағы, қаракүйе, діңқұлақ.
|
Саңырауқұлақтардың маңызы.
|
1.Көптеген антибиотиктер алынды, мысалы – пенициллин (1929ж), стрептомицин (1943ж), хлортетрациклин (1945ж),тетрациклин(1953ж),олеандомицин (1960 ж).
2.Ферменттері жеміс шырынының түсін өзгертеді, шикізатты өңдейді, нәруызды, крахмалды сұйылтады.
3.Гибериллин (өсімдіктерді тез өсіретін зат) алынады.
4.Боверин (зиянды бунақденелілерді жоятын зат) алынады.
5.1872 ж А.Г.Полотебнев пеницилл және аспергилл конидиясымен іріңді жараны емдеуге болатынын жариялады.
6.1873 ж У.Робертс пеницилл саңырауқұлағы бар жерде бактериялардың жақсы дами алмайтынын дәлелдеді.
7.1929 ж А.Флемминг табиғи пенициллин бөліп алды.
|
Зерттейтін ғылым
|
Микология(гр.«микес» - саңырауқұлақ), ол 20 ғасырды пайда болды.
|
Жасуша құрылысы
|
Сыртқы қатты қабық, цитоплазма, ядро, митохондрия, лизосома, рибосома, вакуоль. Ядросы бір не бірнеше, өте ұсақ.
|
Өсімдіктермен селбесуі
|
Қалпақшалы саңырауқұлақтар ағаш тамырымен селбесіп микориза түзеді, ағаш тамырынан ағзалық зат сіңіреді, ағашқа минералды зат сіңіруге жіпшелері арқылы көмектеседі, оны симбиоз деп атайды.
|
Бір жасушалы саңырауқұлақтар
Төменгі саты саңырауқұлақтарына жатады - зең саңырауқұлағы – (пеницилл, аспергилл), ашытқы саңырауқұлағы және паразит саңырауқұлақтар.
Ашытқы саңырауқұлағы (қантты саңырауқұлақ)
Достарыңызбен бөлісу: |