Табиғатта таралуы
|
Қанты көп жемістерде, жидектерде, ағаш шырынынды, гүл шірнесінде, балара балында кездеседі.
|
Жасуша құрылысы
|
Ашытқы саңырауқұлағы жасушасының пішіні дөңгелек немесе сопақша болады. Жасуша құрылысы: Қабықша цитоплазма бір ядро, вакуоль. Жіпшелері болмайды.
|
Ерекшелігі
|
Олар оттегісіз ұзақ уақыт тіршілік ете алады.
|
Жасуша құрамы
|
Май, нәруыз, витаминдер болады
|
Тіршілік әрекеті
|
Қоректік ортада қант көп болса, қантты спирт пен көмірқышқыл газына айналдырып, ашыту процесін жасайды.
|
Қолданылуы
|
1.Сыра, қымыз, сүт, шарап ашыту нан пісіру өнеркәсібінде қолданады.
2.Мал азығына қосатын ашытқы құрамында минералды тұздар, май, нәруыз, көмірсу болатынымен құнды.
|
Емдік қасиеті
|
Безеу, теріскен, шиқан, бөрткен сияқты тері ауруларына дәрі жасайды
|
Көбеюі
|
Бүршіктену және жынысты жолмен көбейеді.
1.Бүршіктеніп көбеюі - аналық жасушадан бұлтиып өсінді пайда болады, көлемі аналық жасушамен теңескенде тағы да өсінді шығады, т.с.с. Кейде жасушасы екіге бөлінеді.
2.Жынысты көбеюі – екі өсімді жасушасы қосылады. Қоректік зат жетіспесе зиготасы споралары бар қалта түзеді.
|
Зең саңырауқұлақтар
Зең саңырауқұлақтарына ақ зең (мукор) саңырауқұлағы, пеницилл, аспергилл, т.б. жатады.
Ақ зең (мукор)
Достарыңызбен бөлісу: |