Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет1/55
Дата29.08.2024
өлшемі212,97 Kb.
#203763
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Кестелі биология


Үсенбекова А.Е

КЕСТЕЛІ
БИОЛОГИЯ
Оқу құралы
І Бөлім - Өсімдіктану

Алматы, 2018


УДК
ББК
У
Пікір жазғандар:
Н.К.Аралбаев – биология ғылымдарының докторы, профессор
С.С.Көбегенова, биология ғылымдарының кандидаты, доцент
С.Т.Назарбекова, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Құрастырушы автор:


Қазақстан Республикасы Білім Беру Ісінің Үздігі
Үсенбекова Айнагүл Ермекбайқызы
У Кестелі Биология. Оқу құралы. І Бөлім - өсімдіктану
Алматы, 2018ж б.
ISBN
УДК
ББК
Бұл оқу құралы 6 сынып оқушылары мен жоғарғы оқу орындарына түсуші – ҰБТ және ТКТ тапсырушыларға, сонымен қатар 9-сы сынып оқушыларының ОЖСБ тапсыруларына көп көмек береді. Биология пәні бойынша өтілген тақырыптарды пысықтап, алған білімін нығайтатын көмекші құрал. Сонымен қатар, биология пәні мұғалімінің жұмысын жеңілдетуге және оқушының білім деңгейін бақылау мақсатында да аса маңызды орны бар оқу құралы. Тақырыптар реті оқулықтың құрылысын сақтай отырып жазылды
Оқу құралын көшіріп басуға тиым салынған және барлық құқығы қорғалған. Көшірілген жағдайда заңмен қудаланады.

© Усенбекова А.Е, 2017


ISBN
Алғы сөз

«Кестелі Биология І бөлім - өсімдіктану» атты оқу құралы Р.Әлімқұлова, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева, Қ.Қайым, Қ.Жұмағұлованың Алматы қ. «Атамұра» баспасынан 2015 ж. жарық көрген жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған биология оқулығы кесте негізінде құрастырылды. Оқулықта берілген тараулар мен тақырыптардың мазмұны толық қамтылды.


Аталған оқу құралымен даярлану оқулықтың толық мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, сұрақтар тарау, тақырыптар және тақырып мазмұнының реті бойынша құрастырылып жазылды.
Бұл оқу құралы биология, медицина, экология, ауыл шаруашылығы, т.б. мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарына түсуші – ҰБТ және ТКТ тапсырушыларға, сонымен қатар 9-сы сынып оқушыларының ОЖСБ тапсыруларына көп көмек берері сөзсіз. Ал биология пәні мұғалімінің жұмысын жеңілдетуге, оқушының білім деңгейін бақылау мақсатында да аса маңызды орны бар екенін де қоса айтуға болады.

Кіріспе

Биология (гр. «биос»-тіршілік, «логос»-ғылым) – тірі ағзаларды, шығу тегін, дамуын, құрылысын, таралуын, өлі табиғатпен байланысын зерт тейтін ғылым. «Биология» термині 1802 ж Ж.Б.Ламарктің жарық көрген «Гидробиология» еңбегінен бастап қолданыла бастады. Биология ғылымының өсімдіктерді зерттейтін саласы – ботаника деп аталады, ол грекше «ботанэ» - шөп деген ұғым береді. Ботаника өсімдіктердің Жер бетінде таралуын, олардың бір – бірімен өзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.


Ботаниканы зерттеудің қаншалықты маңызы бар? Ботаника өсімдіктер тіршілігінің заңдылықтарын білу үшін қажет. Осы заңдылықтарды біле отырып, адамзат өз іс әрекетіне, тіршілігіне, өндіріске пайдалануға жол ашады.
Өсімдіктер дүниесі жер бетінде кең таралған. Олар ылғалы мол далалы аймақтарда, ыстық шөлді аудандарда, биік таулардың қарлы басында, тау беткейлерінде, тау етегінде, өзен аңғарларында да кездеседі. Өсімдіктердің алуан түрлілігі соншалық, биіктігі 150 м асатын секвоя ағаштары және биіктігі бірнеше мм сальвиния натанс өсімдігі адамзатты таң қалдырмай қоймайды. Қазіргі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде 0,5 миллионға жуық өсімдік түрі, 100 мыңнан асатын саңырауқұлақ түрі кездеседі.
Биология ғылымының өсімдіктерді, т.б. тірі ағзаларды зерттейтін көптеген салалары бар, олар – анатомия, генетика, экология, палеоботаника, жүйелеу, геоботаника, физиология, фитопатология. Сонымен қатар өсімдіктердің түрлетін жеке зерттейтін көптеген салалары жұмыс жасайды. Ендеше, өсімдіктер дүниесімен танысайық



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет