І Бөлім
ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ - БОТАНИКА
Өсімдіктер дүниесі
|
Әлемде 500 000-ға жуық түрі бар. 100 000-ға жуық саңырауқұлақтар, 25 000 бактериялар түрі бар. Жалпы белгілері:
1.Тіршілігінің барлық кезеңінде бір орында өседі.
2.Хлорофилл дәндері жарықта органикалық зат түзеді.
|
Өсімдіктердің тіршілік формалары
|
Өсімдіктің қоршаған ортаға бейімделіп өсуі тіршілік формасы деп аталады. Тіршілік формасы бойынша ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктер болады.
|
Ағаштар
|
Сабағы, тамыры сүректенген, биіктігі 3 м кем емес, діңі бар көп жылдық өсімдік. Мысалы - алма, эвкалипт, шырша, емен, т.б.
|
Бұталар
|
Бірнеше діңі бар, негізгі діңі 10 жыл тіршілік етіп, орнына жаңа дің жетіледі. Биіктігі 0,5-0,8 м – 3 м дейін. Мысалы-итмұран, қарақат, аюбадам, т.б.
|
Бұташықтар
|
Биіктігі 5-7 см – 50-60 см.Негізгі өркені 3-7 жыл тіршілік етеді. Оны сүректі жанама жерасты өркені алмастырады. Мысалы-таңқурай, қожақат, т.б.
|
Шөптесін өсімдіктер
|
Жасыл өркені бар өсімдіктер, олар 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді
|
Өсімдіктердің суға қатысты экологиялық топтары
Достарыңызбен бөлісу: |