Байланысты: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үдерісінде қосу
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үдерісінде қосу Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар, барлық оқушылар бірдей біліммен қамтасыз етіледі. Осыған орай: «Білім – таусылмайтын кен.» - дей келе әрбір бала білім алуға құқылы, сол себепті балалар арасында дискриминация туырмай, керісінше ортаға, қоғамға іліктеу ең маңызды іс болып табылады. Осыған орай сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе. Инклюзивті білім – бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі. Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету деп білемін. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Күннен күнге мүмкіншілігі шектеулі, зердесі бұзылған балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды мүгедек адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Зерде бұзылыстары бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі – олардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру.
ХХІ ғасыр - ақпараттық ғасыр. Қазіргі кезде қоғамның бар саласын ақпараттандырусыз, компьютерлендірусіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің сапалы әрі қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізуде. Баланың жеке тұлғалық дамуында, сапалы білім алуында, танымдық қабілеттерінің артуында ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі зерде бұзылысы бар балалардың білім алуында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Компьютерлендіру немесе ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу үрдісін ұйымдастырудың бірнеше артықшылықтары бар. Атап айтар болсақ:
- Ақпараттың ойын түрінде компьютер экранында көрсетілуі балалар тарапынан қызығушылық тудырады;
- Қимыл, дыбыс, анимация түріндегі мультимедиялық оқу материалына баланың назары ауады;
- Баланың танымдық белсенділігін арттыруға көмектеседі;
- Компьютер алдында дербес әрекет ету арқылы баланың бойында өзіне деген сенімділік қалыптасады;
- Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде жеке оқыту түрі жүзеге асады;
- Оқу материалын меңгеру барысында есте сақтау жады жаттығып, сөздік қоры молаяды, шығармашылық қабілеттері дамиды.
Бүгінгі таңдазерде бұзылыстары бар балаларды түзету, білім беру үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды енгізу қажеттігі - айқын мәселе. Түзете отырып оқыту арқылы ықпал етудің дәстүрлі әдістерімен үйлесімділікте ақпараттық технологияларды қолдану - баланың ақыл-ойының, моторикасының, көру және моторлық анализаторларының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұндай балаларға білім беруде оқыту мен дамытуға арналған компьютерлік ойындар маңызды рөл атқарады. Зердесі бұзылған бала бойындағы дефектіні түзеу үшін тәжірибелі маман үшін бірнеше ай қажет десек , бұл дефектіден арылуға компьютермен жұмыс тез әрі оңай көмектеседі. Компьютердегі қарапайым түрінен күрделісіне дейінгі ойынды үйренуде баланың саусақпен қажет пернелерді баса алуы – ұсақ моториканы жетілдіруге көмектеседі. Қолдың қозғалысы баланың көзбен бақылап отырған экранында түрлі бейнелердің қозғалуын қамтамасыз етеді. Ойынның мақсатына жетуде дұрыс шешімнің табылуы - баланың тиісті пернені басып, экрандағы бейненің қажетті бағытта жылжуын қамтамасыз етуіне байланысты. Осылайша, арнайы қосымша сабақсыз-ақ, баланың көру-моторлық координациясы дамиды. Егер бала компьютермен жұмыс істеуде қиналатын болса, тиісті пернені басу үшін қандай іс-әрекетті орындау керектігі туралы қосымша мәлімет беретін арнайы ұяшықтар жасап қою қажет. Сонымен қатар экрандағы бейнелердің қимылын тездету немесе баяулату арқылы қозғалыстың бағытын балалардың тез түсінуін жеңілдетуге болады. Баланың қолының жазу-сызуға бейімделуі үшін түрлі кескінді суреттердің, бояудың, сурет салудың үлкен көмегі бар екенін білеміз. Осы мақсатта арнайы дамытуға арналған бояуға арналған компьютерлік бағдарламалар немесе кәдімгі «Paint» графикалық редакторын пайдалануға болады. Зердесі бұзылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы сайттарда балалардың зейінін шоғырландыру мен тұрақтандыруға қатысты түрлі ойындар беріледі. Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қойылымдардың маңызы мен мазмұны туралы баспасөз материалдарында да жарық көруде. Бала зейінінің өзге нәрсеге алаңдамай, тұрақтануында қолданылатын ойындардың бірінде экрандағы ойын алаңының жоғарғы жағында бірнеше секунд көлемінде аңдар пайда болады. Ойын алаңының ортасында пайда болатын сары түсті шаршы пішініндегі ұяшықтарды басу арқылы қанша аңның көрсетілгенін көрсету үшін бала көргенін есте сақтап қалуы керек. Зердесі бұзылған балаларды оқыту үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Баланың оқу материалын қабылдауының тиімділігін арттыру үшін кәдімгі «Power Point» компьютерлік бағдарламасының презентациясын пайдалануға болады. Үнемі жазу немесе көшіру зердесі бұзылған, ауытқушылығы бар балалардың бойында жазудағы қорқыныш,өзіне деген сенімсіздік, оқуға ынтаның төмен болуын қалыптастыратыны бәрімізге белгілі. Ал ақпараттандыру технологиясының көмегімен оқыту осы мәселелердің оңтайлы шешімін тауып, балаларды түзете отырып оқыту процесін жеңілдетеді. Компьютердегі жұмыстың түрлі-түсті,бейнелі болып келуі , жоғарыда айтқанымыздай, баланың бойында жағымды көңіл-күй қалыптастырады, ал бұл жайт- ұстаз үшін оқытудағы жетістіктің кепілі. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер арнайы білім беруден мемлекеттік жүйесін құрайтын бөлігі. Соқырларға және нашар көретіндерге арналған мектептерде оқыту мен тәрбиелеу дамымай қалған функцияны компенсациялауға және қалыптастыруға бағытталған негізгі міндеттер мен принциптерді түзеді.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мына қызметтерді атқаруы тиіс: оқыту-тәрбиелеу, түзетіп-дамыту, санитарлық-гигиеналық,емдеп-тәрбиелейтін, әлеуметтік-бейімдейтін.
Соқыр және нашар көретін балалардың психикалық дамуы, компенмсаторлық процестердің қалыптасуы біріншіден әлеуметтік жағдайға және біліміне тәуелді.
Елімізде көру бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мектептің дамыған желісі бар. Кейбір жалпы біім беретін мектептерде көзді алдын-ала сақтау сыныбы болады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер ( IIIжәне IV түрдегі арнайы мектептер) үш сатыдан тұрады.
I саты– бастауыш мектеп, II саты – негізгі мектеп және толық емес орта мектеп, III саты – орта мектеп. Мектеп сатылары бала дамуының негізгі үш этапына сәйкес келеді: балалық шақ, ересектік, жасөспірім.