II сатыдағы мектеп: жалпы білімдік және еңбекке дайындықтың негізгі фундаментін қалайды. Таным, қимыл-қозғалыс сферасының түзету жұмыстары жалғасын табады. Толық емес орта мектеп балалардың потенциалдық мүмкіндіктерін дамытады. Ғылыми көз-қарасын қалыптастырады, әр түрлі еңбек іс-әрекетінің түрлерін таңдай алу мүмкіндігін арттырады.
III сатыдағы мектеп: жалпы білім беру дайындығын және кәсіптік оқу курсын тамамдауды қамтамасыз етеді. Орта мектеп әлеуметтік-психологиялық бейімдеушілікке, олардың өмірінде еңбектің белсенді қатысуына жағдай жасалады. Осы мақсатпен оқу жоспарына баланың өзінің қалауы бойынша таңдалатын факультативтік сабақтар қосылған. Соқыр және нашар көретін балаларға арнлаған жалпы білім беру мекемесінің арнайы сыныптарының орыс тілі, математика, айналамен танысу, табиғаттану программалары жай мектептегі өтілген материалдың мазмұны мен көлемі жағынан аналогикалық программаға сәйкес келеді. Арнайы білім беру программалары көрмейтін және нашар көретін балалардың даму ерекшеліктері бойынша құрылған.Мұнда қабылдауды, көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытуға арналған түзету – компенсаторлық жұмыстың керектігі ескерілген.
Осы программамен коррекциялау және компенсациялау әдістерін қолдану негізінде тифлорқұралдарын, релифтік-графикалық оқулықты (соқырларға), жалпақтаңбалы оқулықты (нашар көретіндерге) қолдану қарастырылған.