Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу



Дата07.02.2022
өлшемі25,82 Kb.
#85894
Байланысты:
реферат сенсорлық зақымдануы бар балаларды оқыту


ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





Тақырып:Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу




Орындаған: Махаматова Асем, ХБК-81





Көкштау 2020жыл
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар, барлық оқушылар бірдей біліммен қамтасыз етіледі. Осыған орай: «Білім – таусылмайтын кен.» - дей келе әрбір бала білім алуға құқылы, сол себепті балалар арасында дискриминация туырмай, керісінше ортаға, қоғамға іліктеу ең маңызды іс болып табылады. Осыған орай сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе  Инклюзивті білім – бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі. Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету деп білемін. Соңғы жылдары сенсорлық бұзылысы бар балалардың және психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Күннен күнге мүмкіншілігі шектеулі, зердесі бұзылған балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды мүгедек адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Зерде бұзылыстары бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі – олардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Соның ішінде елімізде көру бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде арнайы мектептің дамыған желісі бар. Кейбір жалпы білім беретін мектептерде көзді алдын-ала сақтау сыныбы болады. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер ( IIIжәне IV түрдегі арнайы мектептер) үш сатыдан тұрады. I саты– бастауыш мектеп II саты – негізгі мектеп және толық емес орта мектеп III саты – орта мектеп. Мектеп сатылары бала дамуының негізгі үш этапына сәйкес келеді: балалық шақ, ересектік, жасөспірім.
I сатыдағы мектеп: баланың тұлға ретінде қалыптасуын оның потенциалдық мүмкіндіктерін толық дамытуды, емдеуді, көз гигиенасын сақтауды, оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруді қамтамасыз етеді. Бастауыш мектепке көру арқылы қабылдау, есту, логопедиялық жаттығулар, кеңістікте бағдарлану жұмыстары жүргізіледі. Бастауыш мектеп оқушылары оқу іс-әрекет дағдысына, жазуға, санауға, түсінгенін айта білуге, гигиена талаптарын орындауға, өзін-өзі күте білуге үйренеді. Оқу арнайы жоспар бойынша, программамен, оқулықпен жүргізіледі.

II сатыдағы мектеп: жалпы білімдік және еңбекке дайындықтың негізгі фундаментін қалайды. Таным, қимыл-қозғалыс сферасының түзету жұмыстары жалғасын табады. Толық емес орта мектеп балалардың потенциалдық мүмкіндіктерін дамытады. Ғылыми көз-қарасын қалыптастырады, әр түрлі еңбек іс-әрекетінің түрлерін таңдай алу мүмкіндігін арттырады.



III сатыдағы мектеп: жалпы білім беру дайындығын және кәсіптік оқу курсын тамамдауды қамтамасыз етеді. Орта мектеп әлеуметтік-психологиялық бейімдеушілікке, олардың өмірінде еңбектің белсенді қатысуына жағдай жасалады. Осы мақсатпен оқу жоспарына баланың өзінің қалауы бойынша таңдалатын факультативтік сабақтар қосылған. Соқыр және нашар көретін балаларға арнлаған жалпы білім беру мекемесінің арнайы сыныптарының орыс тілі, математика, айналамен танысу, табиғаттану программалары жай мектептегі өтілген материалдың мазмұны мен көлемі жағынан аналогикалық программаға сәйкес келеді. Арнайы білім беру программалары көрмейтін және нашар көретін балалардың даму ерекшеліктері бойынша құрылған. Мұнда қабылдауды, көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытуға арналған түзету – компенсаторлық жұмыстың керектігі ескерілген. Осы программамен коррекциялау және компенсациялау әдістерін қолдану негізінде тифлорқұралдарын, релифтік-графикалық оқулықты (соқырларға), жалпақтаңбалы оқулықты (нашар көретіндерге) қолдану қарастырылған. Соқырлар (көрмейтіндер) – көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы олардың көру түйсіктері мүлдем жоқ, қалдықты көру немесе сәуле қабылдау түйсіктері бар (көзілдірік) түзетуімен жақсырақ көретін кезде - 0,04-ке дейін және прогредиентті аурулары мен көру шеңбері тар (10-15-ке дейін), көру өткірлігі 0,08-ге дейінгі тұлғалар. Көру бұзылысының деңгейіне байланысты тұлғалар бөлінеді: абсолютті (тотальды) соқырларға (екі көзге де), көру қабылдауы жоқ және соқыр адамдар, олардың сәулені, түсті заттардың пішінін қабылдауға мүмкіндік беретін сәулені қабылдау түйсіктері сақталған. Нашар көретіндер – көзілдіріктің көмегімен жақсырақ көретін көзді түзетуде 0,05-тен 0,2-ге дейін көру өткірлігі сақталған, көру бұзылыстары бар тұлғалардың бір категориясы. Көру өткірлігінің төмендеуімен қатар нашар көретіндердің көру қызметтерінің қалпында басқа да бұзылыстар болуы мүмкін (түсті және сәулені қабылдау түйсіктерінде және т.б.).
Нашар көретін оқушылар жалпыға білім беретін мектептің үлкен шрифтпен басылған және көру қабылдауына әсер ететін арнайы өзгертілген суреттері бар кітаптармен оқытылады. Көрмейтін балалар Брайль жазу жүйесінің көмегімен оқытылады. Нашар көретін балалар үшін сыныпта жағымды жағдай жасалуы керек – нашар көруге сәйкес анық сызылған сызықтары бар дәптерлер, көмек көрсетудің оптикалық және техникалық құралдары:
- офтальмолог ұсынған көруді түзету тәсілдері (көзілдірік, линзалар, лупалар, телескопиялық көзілдірік);
- табиғи жарықты реттеуге арналған құралдар;
- оқу, жазу, сурет салу, суреттерді қарау кездерінде дұрыс отыруды қамтитын арнайы бір орындық парталар;
- оқушыларға арналған арнайы құрал-жабдықтар (Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құралдар, оқу машиналары, Брайль шрифті орнатылған жазу машиналары, рельефті сурет салуға арналған «Оқушы» құралы, оптикалық құралдар - лупалар, линзалар, телескопиялық құралдар);
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоқұралдар, электрондық құралдар). Баланың сенсорлық дамуы – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е.И.Тихеева, А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина т.б.) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.Сенсорлық бұзылысы бар балаларды оқыту басқа балалармен өзгешеленбей жүргізілу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет