Сенсорлық ойындар


Үлкен және кішкентай доптар



бет2/6
Дата04.07.2023
өлшемі55,64 Kb.
#179316
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-4жас және 2-3жас түзету кортатека

Үлкен және кішкентай доптар

Балалар орындыққа жартылай дөңгелене отырады. Тәрбиеші оларға қарама-қарсы отырып, балаларға қолдарындағы доптарын көрсетуді сұрайды. Балалар қолдарын алға созып, доптарды көрсетеді. Тәрбиеші көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай доптар жолмен домалап кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «тымпыл, тымпыл, тымпыл!» - дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін тәрбиеші қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен доптар жолда тымпыл-тымпыл домалап бара жатыр». 
Тәрбиеші алдымен кішкентай доптар, одан кейін үлкен доптар жөніндегі тексті осылайша бірнеше рет айтады. Балалар оның артынан тез және баяу қимылдарды алмастыра қайталайды. 


  1. Қажет шелекті тап

Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады.
Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» -дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады.
Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңаойынбастаушыменойынқайталанады.

  1. Егін жинаймыз

Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады.


Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер.
Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады. А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егеролқұрсаудыүзсе, біройыншыалыпөзтобынақайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет