Сенсорлық ойындар



бет4/6
Дата04.07.2023
өлшемі55,64 Kb.
#179316
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-4жас және 2-3жас түзету кортатека

Көбелекті әдеміле

Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.
Әдемі шеңберде,
Билейік кең жерде.
Қолдармен ұстасып,
Бәріміз жұптасып.
Бірігіп достасып,
Бір орында ұстасып,
Осылай етіп істейік.
Мәтінді айтып бітер кезде балаларқол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді.
Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.


  1. Қояндардың киімін жөнде

Ойнаушылар біреуі қоян болады. Барлық қалған балалар дөңгеленіп тұрады. Қоян дөңгелектің ортасынан орын алады. Балалар тәрбиешімен бірге мынадай өлең айтады: 
Бармақ боп тойға сұр көжек, 
Жуынып жатыр бүгжеңдеп: 
Тұмсығын жуды, 
Құйрығын жуды, 
Құлағын жуды – түртінді, 
Құп-құрғақ боп сүртінді. 
Қоян текстке байланысты қимылдардың бәрін жасайды – тұмсығын, құйрығын, құлағын жуады, бәрін сүртеді. Бұдан кейін ол қос аяқтап секіреді, дөңгеленіп тұрғандардың біреуіне жақындай береді (қонаққа келе жатыр). Ол баланың орнын басады, ойын қайталанады. 
5-6 қоян ауысқаннан кейін ойын аяқталады. 


  1. Тышқанды жасыр



Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен- кіші моншақтарды саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.
Балалар, біз моншақтармен жүмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Саусақ жаттығуы:
Қолымыздағы жалғыз моншақты алақанымызға салып, қос алақанмен айналдыру, қыздырып алу;
Моншақтарды басбармақпен басқа саусақтарды ауыстыра отырып ұстау.
Қос саусақ арасымен моншақты қысып ұстау;
-Балалар, енді біз Сәулеге қапшықтағы моншақтарды тізіп беру үшін мына шимай жолдар арасынан өтуіміз керек. Сол кезде ғана біз қуыршақ Сәулеге көмектесе аламыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет