.Күндей жадырап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастайық.
№ 5 Шаттық шеңбер
.Жарқырап күн де ашылды, Айналаға гүл шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз
№ 6 Шаттық шеңбер
.Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен ақ пейілмен:
«Қайырлы таң!» деймін мен.
Күндіз де елді елеймін,
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» деп кіремін.
№ 7 Шаттық шеңбер
.Баршаға сыйла махаббат, Қуансын бар адамзат. Сан есеге көбейіп махаббатың, Тиеді саған шапағат.
№ 8 Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, Аспан Ата! Қайырлы таң, Жер Ана! Амансыз ба? Есенсіз бе? № 9 Шаттық шеңбер .Достық іс пен қасты да, Жеңеріме сенемін. Ақыл, сана, біліммен, Өнеріме сенемін.
№ 10 Шаттық шеңбер
.Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң! Қайырлы күн!
№ 11 Шаттық шеңбер
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
-Сәлеметсіз бе, ағай?-деп
-Сәлеметсіз бе, апай?-деп
-Есенсіз бе, әжей?-деп
-Амансыз ба, атай?-деп
-Ұл-қыз сәлем береміз,
-Өнегелі өренбіз.
№ 12 Шаттық шеңбер
.Аспан Атадан күш-қуат алайық. Армысыз, қайырымды Аспан Ата! Армысыз, мейірімді Жер-Ана! Армысыз, шұғылалы Алтын Күн! № 13 Шаттық шеңбер Еңбек етсем ертеңгі, Бақытыма сенемін! Мақсатыма жеткізер Уақытыма сенемін! № 14 Шаттық шеңбер Ойнасын, мейлі ойнасын, Ойынға ешбір тоймасын. Алаңсыз болып ай-күнің
,
Жақсылық бүгін тойлансын!
№ 15 Шаттық шеңбер
Мен келдім, міне, бүгін ортаңызға, Амандық тілеп сізге, баршаңызға. Саулығын берсін деймін бәрімізге, Келесі кездескенше жаңа күнге.
№ 16 Шаттық шеңбер
Жарқын болсын өміріміз, Жаздың әсем таңындай. Таза болсын көңіліміз, Таудың аппақ қарындай. № 17 Шаттық шеңбер Шеңберге мен шақырамын, Мейіріммен бас қосуға. «Өзін-өзі тану» пәні Көмектесер достасуға.
№ 18Шаттық шеңбер
.Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
№ 19 Шаттық шеңбер
Балабақшам, армысың, Сені қатты сүйемін! Достарым, аман бармысың, Сендерді қатты сүйемін!
№ 20 Шаттық шеңбер
.Адал жақсы ниетпен Бар адамға бақ тілеп. Жарып шыққан жүректен, Сөздің бәрі-Ақ тілек! № 21 Шаттық шеңбер Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. «Қайырлы таң!» деп айтамыз Бір болып, кеште қайтамыз.
№ 22 Шаттық шеңбер
Досың сені қалдырмайды қиынға, Сұрамайды сенен артық бұйым да. Нағыз дос деп осыны айт, Көңілдердің хошын айт! № 23 Шаттық шеңбер Көк аспанда күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін. Көк аспанда күн күлсін, Жерге ұдайы нұр құйсын. Көк аспанда күн күлсін,
№ 24 Шаттық шеңбер
.Ұл қолында ту жүрсін. Қыз қолында гүл жүрсін, Көк аспанда күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін. № 25 Шаттық шеңбер Бақыт-біздің сиқырлы шеңберіміз, Бақыт-біздің достарға сенгеніміз. Бақыт-таңнан біреумен достасуың, Бақыт-кеште достармен қоштасуың.
Қоңырау біздің сиқырлы, Сыңғырлап тағы ән салды. Шақырды түріп ұйқыңды, Шеңберге тұр,-деп баршаңды!
№ 28 Шаттық шеңбер
Қайырлы таң, құсқа, аңға да, Қайырлы таң, жайдары жанға да. Қайырлы таң алға ассын, Кешке дейін жалғассын!
№ 29 Шаттық шеңбер
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап..
Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Сәлем!
Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге...
Сәлем! № 30 Шаттық шеңбер
Достарменен бір жолда Иықтасып жүреміз. Қиындықта қол ұшын Береріне сенеміз.
№ 31 Шаттық шеңбер
Әдеп сақтап әманда, Әрбір адал адамға. Жасасаң бір қамқорлық, Қайтарады саған да.
№ 32 Шаттық шеңбер
Шеңбер бойлап жүреміз, Әр гүлге көңіл бөлеміз. Сұлулық пен махаббатты Сезініп өмір сүреміз.
№ 33 Шаттық шеңбер
Қоршаған өмір әлемі, Не деген көркем, әдемі! Сол сұлулықты сақтайық, Мадақтайық, мақтайық! № 34 Шаттық шеңбер Жер-Ана, саған мың алғыс, Сыйлайсың бізге қуаныш. Жазда, күзде, қыста да, Көркемсің көктем тұста да!
№ 35 Шаттық шеңбер
Біз кішкентай баламыз, Қазақстанда тұрамыз. Отанды біз сүйеміз, Мақтаныш оны қыламыз.
№ 36 Шаттық шеңбер
.Қазақстан- туған жер, Сені қатты сүйемін. Көлдер, таулар, даламды, Отаным деп білемін! № 37 Шаттық шеңбер Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! № 38 Шаттық шеңбер Арым таза, ақ көңіл, Адалдыққа сенемін. Абыройлы, ақ ниет, Адамдыққа сенемін! № 39 Шаттық шеңбер
Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен, ақ пейілмен, «Қайырлы таң!» деймін мен.
№ 40 Шаттық шеңбер
Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік, Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік!
№ 41 Шаттық шеңбер
Анам маған-Үлкенді сыйла деген, Сол сөз маған ізгілік құйған ерен. Үлкендерден ауысқан кішілікті Үлкендердің өзіне сыйға берем.
№ 42 Шаттық шеңбер
Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен.
№ 43 Шаттық шеңбер
.Достығымыз берік боп, Бекітейік беріп қол. Қуанышты шеңберге, Қандай жақсы қол береген! № 44 Шаттық шеңбер Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын»деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?»деп ойла.
Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз! № 47 Шаттық шеңбер Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!
Аспан түрді түндігін Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы!
№ 50 Шаттық шеңбер
Отан деген-атамекен, Отан деген-туған жер. Отан-ана, Отан-үлкен, Қазақстан-туған ел!
№ 51 Шаттық шеңбер
Бала, бала, баламыз, Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа, Батамыз да қаламыз. № 52 Шаттық шеңбер Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін.
№ 53 Шаттық шеңбер
Ризамын саған,
«Өзін-өзі тану әлемі».
Ризамын саған,
Дәптерім менің әдемі.
Ризамыз саған,
«Өзін-өзі тану әлемі».
Сүйеміз біз,
Қоршаған бар әлемді.
№ 54 Шаттық шеңбер
Таза бала мұнтаздай Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай Жақсы көрем бар адам. Ұқыпты осындай Болайықшы досым-ай. № 55 Шаттық шеңбер Өзім жақсы баламын, Апа тілін аламын. Мейлі қайда жұмсасын, Бәріне де барамын. № 56 Шаттық шеңбер Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз, Бәріне де ізетпен Біздер сәлем береміз. № 57 Шаттық шеңбер .Айтқан тілді аламын, Жұмсағанға барамын. Мен елгезек баламын, Үлкен тілін аламын. № 58 Шаттық шеңбер Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. № 59Шаттық шеңбер Жатқа білер дос атын, Дос бар бізді тосатын. Балабақша-біздің үй Басымызды қосатын.
.Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз, Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан.
№ 63 Шаттық шеңбер
Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне, біздер қандаймыз!
№ 64 Шаттық шеңбер
Орман, көлге, шыңға біз. Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз!
Әрқашан тілектес,
Досыңа көмектес. № 65 Шаттық шеңбер Біздің топта балалар Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан Тек жақсылық ойлайды. № 66 Шаттық шеңбер Туған жерім тамаша!
О,алақай, туған жер!
Жақсы-ау, бақша-бауларың!
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларың!
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік,
Кең өлкенің қырларын
Жүр, аралап келейік!
Жүр, аралап келейік!
№ 67 Шаттық шеңбер
Күндей жадырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі күнді бастайық.
№ 68 Шаттық шеңбер
Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін Көк майсасын төседі.
№ 69 Шаттық шеңбер
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
№ 70 Шаттық шеңбер
.Армысың, Әлем! Армысың, Жарық күн! Армысың, абзал Адам! Армысың, менің досым! № 71 Шаттық шеңбер Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн!
Біз ержүрек ұлдармыз!
№ 72 Шаттық шеңбер
Қуанамыз, біргеміз, Бөлінбейді іргеміз. Аясында достықытың, Бір жүреміз күнде біз!
№ 73 Шаттық шеңбер
Балабақша туған үйің секілді, Балаларға толы іші қашанда. Бәріміз де-сен де, мен де, басқа да, Қалаймыз біз бір отбасы болуды!
№ 74 Шаттық шеңбер
Жүздерің қандай жайнаған Келіңдер бәрің айнала! Тұрмаңдар текке тосылып, Ән салайық қосылып. № 75 Шаттық шеңбер Бар елде, әлемде тыныштық! Менде де, сенде де тыныштық! Бар елде, әлемде тыныштық! Отбасы ішінде тыныштық!
№ 76 Шаттық шеңбер
Дос болам десең; Досыңды сыйла, қымбаттым! Досыма соңда, Досыммен ғана қымбатпын. № 77 Шаттық шеңбер Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне мен! Доспын енді сенімен.
№ 78 Шаттық шеңбер
Күн мен ауа, су мен жер, Досымыз жақсы білсеңдер. Сенімді достар, білсеңдер
,
Күн мен ауа, су мен жер. № 79 Шаттық шеңбер Армысыңдар, балалар, Жасарды қала, далалар.
Өмірдің келіп көктемі,
Біздерден қыстың кеткені
Шаттықтың үнін тыңдашы,
Наурыз айы-жыл басы.
№ 80 Шаттық шеңбер
Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет! Ауа, таза аспаның үшін рақмет! Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін
рақмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рақмет! № 81 Шаттық шеңбер Бір-бірімізге қол беріп, Айтамыз жақсы сөз жөн көріп. Қалмаймыз текке іркіле, Сыйлаймыз жылы күлкі де.
№ 82 Шаттық шеңбер
.Келіңдер, кәне, сендер де Шақырам достық шеңберге.
«Өзін-өзі тану» сабағы
Біздерге жақсы дем берді.
Қол созып күнге, міне, біз
Жақсы тілек айта білеміз.
№ 83 Шаттық шеңбер
Үлкенге де, сіз, Кішіге де сіз, Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз, біз !
№ 84 Шаттық шеңбер
Арайлы таң атты. Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз. Қайырлы таң балалар.
№ 85 Шаттық шеңбер
“Біз кішкентай баламыз, Өсіп – өніп толамыз,
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға
Жақсылық біз тілейміз”.
№ 86 Шаттық шеңбер
Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой . Ал, кәнекей , бәріміз, Сәлем дейік, үлкенге.