Маделханова Диана 4 «б» сыныбы Шығарма Менің отбасым Менің отбасымда төрт адам. Анам, әкем, қарындасым және мен. Менің атым Диана. Әкемді күнде жұмысқа шақырады. Анам үйде демалады, бірақ анам да жұмысқа барады. Анам жұмысқа түсте, кейбір кезде бармайды. Өйткені ол кезде анамды жұмысқа шақырмайды. Қарындасым бірінші сыныпта оқиды. Ол таңертең оқиды. Түсте келгенде күні-бойы мені тосады. Мен үйге келгенде, ол менімен ойнағысы келеді. Мен тамағымды жеп бітемін, сосын сабақ оқимын. Сабақ істеп болған соң қарындасыммен ойнаймын. Анама көмектесемін. Қарындасым сабақ істеп жатқанда мен көмектесемін, ал анам демалады. Мен әкеммен бірге бақылау, диктант тағы да басқа да қиын есептер шығарамын. Қарындасым мен анам ерте ұйықтайды. Қарындасымды анам мектепке апарады. Әкем немесе анам сабақтан соң әкеледі. Біздің отбасымыз мейірімді және көмектеседі. Маған ұнайды өзімнің отбасым және мен оларды өте жақсы көремін.