Серік Мейіржан 2 «б» сыныбы Қазанның он бесі Шығарма Менің Қазақстаным



бет57/235
Дата06.02.2022
өлшемі184,84 Kb.
#81938
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   235
Байланысты:
Эссе, шығармалар
Эссе, шығармалар, АМАНКЕЛДИ АЙГЕРИМ (ТАРИХ)
Тағыберген Ақбаян
3 «в» сыныбы
Нан қайдан шығады?
Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр етті. Төмендегі бір бөлкені алып кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалады, тышқан зып беріп тысқа атып шығады. Бірақ алысқа ұзамады. Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан, біліп алсам ғой, -деп қызыға кетті.
- Нан, нан, сен қайдан шығасың? – деді сыбырлап.
- Сатушыдан сұра, - деді нан.
Тышқан сатушыға барады:

  • Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?

  • Наубайшыдан сұра, - деді сатушы. Тышқан наубайшыға барып сұрайды.

  • Наубайшы, нан қайдан шығады?- деді тышқан.

  • Диірменшіден сұра,- деді наубайшы.

Тышқан диірменшіге барып сұрайды:

  • Диірменші, нан қайдан шығады?

  • Қырманшыдан сұра,- деді дейірменші. Тышқан қырманшыға барып, бір қырманшыдан сұрайды:

  • Қырманшы, нан қайдан шығады?

  • Комбайыншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.

Тышқан егін егіп жатқан комбайыншыдан сұрайды.
- Комбайыншы, нан қайдан шығады?- деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртып, тұқым себеді. Егіншілер егінді күтіп-баптайды. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайыншы.
- Ой мұның азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ нан таба аламын, - деді тышқан.
- Әне, мысық келе жатыр, - деді комбайыншы. Сол-ақ екен Тышқан бір інге қорыққанынан зып беріп кіріп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет