Серік Мырзалы философия оқу құралы


ерлiктi, батырлықты қасиет етудi



Pdf көрінісі
бет237/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

ерлiктi, батырлықты қасиет етудi
талап еттi. Сондықтан беске 
келгенде жылқының жалында ойнап, 14-15-ке келгенде батырлықты 
армандап, бiздiң бабаларымыздың көбi 20-25-iнде елiн аман сақтау 
жолында өмiрлерiн қия бiлген. Ұлы Отан соғысында қазақ азаматтары 
осы ұлттық қасиеттi бүкiл әлемге айқын көрсеттi. Қазақ халқының 
дербестiгiн көтере алмай жүрген кейбiр арам пиғылды саясаткерлер 
оны бiлуi қажет.
Сегiзiншiден
, көшпендiнiң өмiрi қысқа, өне бойы қауіп-қатерлерден, 
соқтығыстардан тұрғаннан кейiн, ол күнбе-күнгi өмiрдi бағалап, 
өмiрден 
алудан гөрi болуды
жаратқан. Әрбiр күндi той-думанға 
айналдыру, өзiн шешен сөзбен, даналықпен көрсете бiлу, неше түрлi 
сайыстарға қатысу, 
«бiр сырлы, сегiз қырлы болу»
– бабаларымызға 
тән нәрселер болған.
Тоғызыншыдан
, дүниеге, басқа халықтарға деген 
ашықтық, қинал-
ғандарға риясыз қол ұшын беру
– бұл да бiздiң халықтың керемет 
қасиеттерiнiң бiрi.
Оныншыдан
, көшпендiлердiң негiзгi құндылықтарының бiрi – 
ата-
ананы, үлкендердi сыйлауы.
Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберiнде бойына жинаған 
көп қадір-қасиеттерiнiң iшiнен бiз негiзгiлерiн ғана көрсеттiк. Ендi 
келесi мәселеге – қазақ философиясының ерекшелiктерiне тоқталуға 
мүмкiншiлiк пайда болды.
Бiрiншiден
, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және 
гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрi, 
адам мәселесiне 
көбiрек көңiл бөлiнедi.
Екiншiден
, адам мәселесi, қазiргi тiлмен айтқанда, көбiне 
экзистенциалдық
тұрғыдан қаралады және көшпендiлiк өмiр салтын 
еске түсiрсек, ол түсiнiктi де болар.


268
Үшiншiден
, отандық философияда дерексіз-теориялық жүйелер 
жасау өте сирек кездесетiн құбылыс – философиялық iзденiс адамның 
нақтылы өмiрдегi жүрiс-тұрысын сараптауға, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет