Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет346/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

философиядан биік рух 
жоқ
, ол – рухтың ең биік сатысы.
Қорыта келе, біз болмыс ұғымының өз бойына бүкіл әлемді (мате-
рия мен рухты, субъект пен объектіні), олардың өзара байланысын 
қамтитынын байқадық. Бұл – шегіне жеткенінше кең ұғым, сондықтан 
оның мазмұны да жиырылған түрінде оның ішінде жатыр. Енді біз 
оларды өз қисынының негізінде «сыртқа шығарып» жайып, талдауы-
мыз керек, сонда ғана оның астарында жатқан ұғымдардың жүйесі бол-
мыс жөніндегі ілімді толыққанды суреттейді.
§ 2. Жалқылық пен жалпылық
Болмыстың ішкі астарын ширатып талдауды неден бастауы-
мыз керек? Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңай шаруа емес. Діни 
философия оны Құдаймен теңестіреді. Идеалистік философияның 
көрнекті өкілдерінің бірі Г.Гегель өз философиясын «абсолюттік идея» 
ұғымынан бастайды. Ал материалистік бағыт ұстаған ойшылдар оны 
«материя» ұғымынан бастайды. Бірақ уақытында ұлы Гегельдің өзі-ақ 
айтып кеткендей, ешкім де ешқашан абстрактіліқ «материяны» көрген 
жоқ, дүниеде тау-тас, ағаш, ауа, қой, ешкі т.с.с. нақтылы заттар бар, ал 
материяның өзі-ақ абстрактілік ұғым емес пе? Ал Л.Фейербахқа келер 
болсақ, болмысты талдауда күнбе-күнгі көз алдымызда өмір сүріп 
жатқан заттар мен құбылыстардан, яғни «міне», «мынау», «анаудан» 
бастап, ары қарай өрлеуіміз қажет деген пікір айтады. Біздің ойымызша, 
соңғы ойшылдың пікірі дұрыс сияқты. 
Расында да, осы пікірді талдап көрейікші. Егерде біз адамды 
қайсыбір жануармен салыстырып байқасақ, онда оның шексіз айыр-
машылығын байқаймыз, өйткені жануар өзін айнала қоршаған орта-
дан айырып ала алмайды, ол өзінің туа біткен инстинктері мен шартты 
рефлекстері арқылы табиғатпен біртұтас өмір сүреді. Ал адамға келер 
болсақ, оның санасы пайда болған сәттен бастап, ол өзінің басқа заттар-
дан 
бөлек ерекше болмысын
сезінеді, сонымен қатар басқа заттардың 
да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет