Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет350/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

трансцендентальды
(transcendens – латын сөзі, аттап өту, яғни бұл Дүниенің ар жағындағы 
деген мағына береді.) санаға жатады, оның табиғатын біз ешқашанда 
тани алмаймыз.
Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылықты «абсолюттік идеямен» 
теңейді. Бірақ ол заттардың ұқсас жақтарын қамтитын қарапайым 
дерексіз жалпылық емес, ол – 
шынайы нақтылы жалпылық

Соңғыны ол заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарына теңеп, 
ал оның өзі әрқашанда даралықтың негізінде ерекше көрініп, жекенің 
де өзіне тән байлығын бойына сіңіретіні туралы терең ой айтады. 
Жас жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір нақыл сөзді айтуы 
мүмкін, бірақ олар оған әртүрлі мағына береді, өйткені екінші өзінің 
бай өмірден алған тәжірибесі мен білімі арқылы оны жете түсінеді.
Маркстік философияда Гегельдің «нақтылы жалпылық» идеясы
жоғары бағаланып, сонымен қатар жалпылықтың қайнар көзін 
«абсолюттік идеяға» теңеуін сынға алады. Жалпы ұғымдарда объек-
тивті шындықтағы жалпылық бейнеленеді, ал оның өзі – заттар мен 
құбылыстардың ішкі нақтылы теңдігі. Ол заттардың өмір сүруінің 
негізі, оның көрінісі – заң.
Сөйтіп, оқырманның байқағанындай, философия тарихында 
даралық, жалқылық пен жалпылықтың өзара диалектикасы ғасырлар 
бойы зерттеліп, бүгінгі таңдағы мәресіне жетті. Оған қорытынды 
жасасақ, жалқылық жалпылыққа әкеледі, ал соңғы жалқылықтың 
бойында өмір сүреді. Алайда олардың екеуінің арасындағы дәнекер – 
ол ерекшелік. Сондықтан дүниедегі әр зат, құбылыс, үдеріс өзінің 


377
ерекшелігімен танылады. Ерекше зат өз бойына жалқы мен жалпыны 
тек өзіне ғана тән жолмен біріктіреді. Соның арқасында дүниедегі 
көптіктің бірлігі қамтамасыз етіледі.
Жалқылық пен жалпылық диалектикасын жете түсіну арқылы өткен 
кеңес қоғамы мен қазіргі егемен елімізде жүріп жатқан үдерістерді 
талдауға мүмкіншілік аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет