Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет356/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

терең қайнар 
көздерінен бас тартумен
бірдей. Ондай жағдайда болашақта тәуелсіз 
дамудың өзі де мүмкін болмай қалар еді. 
Алғашқы кезде жеке меншікке негізделген экономикада «Адам 
Смиттің «көрінбейтін қолы» барын де стихиялық түрде өз қалпына 
келтіреді», – деген романтикалық қиялдың болғаны да рас. «Ең алды-
мен экономиканы дұрыстап алайық, қалғанының бары содан кейін өз 
ретіне келеді», – деген сорақы пікірлер де болды. Бүгінгі таңда олардың 
бәрі қайта ой елегінен өткізіліп, жіберілген қателіктер түзетілуде.


382
Келесі бір естен шығармайтын жайт – реформалардың бүкіләлемдік 
рухани дағдарыстың астарында өтуінде. Сондықтан басқа елдердің 
құндылықтарын таңдамалы түрде қабылдап қана өз-өзімізді сақтай 
аламыз, яғни тәуелсіздігімізді уыстан шығармаймыз. Түбегейлі 
өзгерістер барысында қазақ халқының мыңдаған жылдардағы тари-
хында тудырған рухани құндылықтарын сақтап қалуымыз керек. Олар: 
табиғатты аялау, жетім мен әлсіздерге қол ұшын беру, әділеттілік
ар-намысты жоғары ұстау, дүниеде алудан гөрі болуға тырысу, 
үлкендерді сыйлау, әке-шеше алдындағы борышты өтеу, тәубеге 
келу
т.с.с. Сонда ғана біз тәуелсіз гүлденген ел боламыз.
§ 4. Құбылыс және мән
Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің 
көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен 
құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар қайсыбір зат, я 
болмаса үдерістің ішкі тұрақты, соның арқасында оның өмір сүруін 
қамтамасыз ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін құрайды.
Заттың көзге көрінетін, «құбылатын» жақтарының астарында оның 
келесі көзге көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі 
тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ оны 
жете түсіне алмай, заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек 
алып қараған. Мысалы, Платон заттың «эйдосы», яғни мәні, ұғымы – 
материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп есептесе, Аристотель заттың 
мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі 
бар енжар материяны шындыққа айналдыратын – оның формасы мен 
ішкі энтелехиясы (алдын ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).
Ортағасырлық философияда зат мәнінің қайнар көзін ойшылдар 
Құдайдың құдіретті күшінен іздейді.
Жаңа дәуірде бұл санаттарға аса көп назар аударған И.Кант болды. 
Оның ойынша, заттың бізге әсер ететін («заттың біздігі») жақтарымен 
(феномен) қатар, оның ішкі «өзіндік» жақтары (ноумен) бар. Заттың 
құбылысы – феномен, заттың мәні – танылмайтын ноумен. Адамның 
бар мүмкіндігі – сезім мен ақыл-ойға априорлық (тәжірибеге дейін) 
түрде берілген санаттар арқылы бізге өз әсерін тигізетін құбылыстарды 
ретке келтіру ғана. Ал оның ар жағында жатқан мәнді, «заттың өзіндік» 
сырын ашу мүмкін емес.
Мұндай құбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы қоюды Гегель қателік 
деп санап, «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет