Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет359/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 6. Өлшем мен секіріс
Қайсыбір зат, я болмаса құбылыстың өзіне тән сапасы, сонымен 
қатар сандық жақтары болады. Бір қарағанда, олардың бір-бірімен бай-
ланысы жоқ, әрбіреуі өзінше өмір сүріп жатқан сияқты. Бірақ ол – үстірт 
көзқарас. Мұқият терең қарасақ, біз олардың бірлігін байқаймыз. Белгілі 
бір сапаға соған сәйкес сан келеді, біз оны заттың өлшемі дейміз. Олай 
болса, өлшем – сандық сапа, я болмаса сапалық сан деп айтуымызға да 
болады. Екіншіден, өлшем – белгілі бір сапаның шеңберіндегі әртүрлі 
сандық өзгерістердің бірлігі. Мысалы, судың сандық өлшемі 0-100 
градусқа шейін. Бұл сандық шеңберде су өз сапасын жоймайды, бірақ 
100 градусқа бір ғана градус қосылса, өлшем бұзылып, су жойылып, 


387
дереу буға айналады. Сол сияқты әрбір металдың да өзінің өлшемі 
(константасы) бар, егер ол 1 градусқа өссе, ол балқи бастайды.
Егер екі шақырымдық биіктікте атылған оқ секундына 7910 м. 
жылдамдыққа дейін жетсе, ол барыбір жердің тартылысының шеңбе-
рінен шыға алмай, ақырында, құлайды. Бірақ оның жылдамдығы тек 
1 м. ғана өссе болды (7911 м.), жер жылдамдығы ғарыштыққа айналып, 
ол жерге құламайды. Егерде жылдамдықты 11189 м. сек. жеткізсек, 
басқа планеталарға ұшуға мүмкіншілік аламыз, ал жылдамдық 
16662 м.сек. жетсе, басқа жұлдыздарға ұшуға болады.
Менделеевтің ашқан химиялық жүйесін алсақ, онда да осы заңды-
лықты байқаймыз. Атомның өзегінің заряды өскен сайын, ескі сапа 
жойылып, жаңа элементтер пайда болады (сутегінің өзегі – 1 протоннан 
тұрады, 2 – гелийге айналады, 3 – литийге, 4 – бериллийге т.с.с.).
Ақшалы азамат қашан капиталиске айналады? Ақшаның сандық 
мөлшері оны тікелей өндірісте жұмыс істеуден босатып, басқа адам-
дарды жұмысшы ретінде жалдауға мүмкіндік пайда болған кезде дер 
едік.
Сонымен, бір сапаның екіншіге өтуі зат, энергия, я болмаса 
ақпараттың қосылуы, я кемуімен байланысты екен. Әрбір сапалық 
өзгеріс сандық өзгерістердің негізінде пайда болады.
Жаңа дүниеге келген сапа өзіндік жаңа мөлшерді талап етеді. 
Мысалы, судың көлемін будың көлемімен салыстырсақ, ол екі түрлі. 
Будың шеңберіндегі молекулярлық байланыстар сумен салыстырғанда, 
мүлде өзгеше. 
Заттың өлшемі сандық өзгерістер арқылы бұзылған сәтте секіріс 
пайда болып, ол дереу екінші затқа айналады. Сонымен, секіріс деп 
ескі сапаның өлшемінің бұзылуы арқасында жаңа сапаның дүниеге 
келуін айтамыз. Дүниедегі заттар мен құбылыстар әртүрлі шексіз 
болғандықтан, олардың өзгеруі тек өзіне тән жолдармен өтеді. Бірақ, 
қалай айтқанда да, секірістің аты – секіріс, ол көбіне жарылыс
күрт қарқынмен жүреді. Мысалы, микроәлемдегі бір элементарлық 
бөлшектің екіншіге айналуы секундтың миллиардтаған бір бөлігінде 
өтсе, мегаәлемдегі сапалы үдерістер миллиондаған жылдарға созылуы 
мүмкін.
Философиялық әдебиетте басқа пікірлер де кездеседі. Мысалы, 
секіріс «жарылыс», «бірте-бірте» өтеді деген пікірді келтірсек те 
болғаны (қараңыз: П.В.Алексеев, А.В.Панин. Философия, М., Про-
спект, 1997, 481 б.). Мұндай көзқарас секірістің мән-мағынасын жоққа 
шығарып, «бұлдырлатып» жібереді. Күрделі нысандардың сапасының 
сандық өзгерістер арқылы жетілу сатыларын секіріске теңейді. Ал 
ол секіріс емес, өйткені мұндай жағдайда өзгерістер сол сапаның 
шеңберінде өтеді. Сандық мөлшер арнасынан шығып, сапа бұзылған 


388
кезде жағдай күрт өзгеріп, секіріс басталады, ол заттың тез арада 
түбегейлі өзгеруіне, басқа затқа айналуына әкеледі.
Біздің елімізде жүріп жатқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет