Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет107/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

көптік әлемі
, оның негізінде төрт 
табиғи нәрсе: жер, от, су, ауа жатыр. Олардың әртүрлі қосындылары 
жер бетіндегі заттарды тудырады. Тіршілік әлеміне келер болсақ
Әл-Фараби оны үшке бөледі – өсімдіктер, ақыл-ойы жоқ жануарлар
ақылды жануар (адам). 
Әл-Фарабидің ақыл-ой жөніндегі ілімі
«Бірінші Мән» – белсенді ақыл, ол өзі тудырған дүниеде төрт негізгі 
ақыл-ойды тудырады. Олар әлеуетті, өзекті (маңызды), игерілген және 
іс-әрекеттік ақыл. 
Әлеуетті ақыл-ой
– ол жеке пенденің жан дүниесінің болмыстағы 
заттардың бітімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал дүниедегі заттарды ала-
тын болсақ, олардың мән-мағынасы бітімінің танылатындығында 
жатыр. 
Маңызды ақыл-ойға 
келер болсақ, Әл-Фарабидің ойынша, 
болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып
оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір 
сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен, тану үдерісінде заттардың бітімі 
дерексіздендіру арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін 
маңызды ақыл-ой нысанына айналады. 
Игерілген ақыл-ойға
келер болсақ, ол жеке пенденің дүниені, зат-
тарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан дүниесінің ажырамас 
бөлігіне айналдыруында жатыр. 
Іс-әрекеттік ақыл-ой 
– Әл-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының 
бірі. Ол ешқашанда материяда болмаған. Ол әлеуетті ақыл-ойдың 
шындыққа айналуына дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін, 
Әл-Фараби көздің сәуле күші арқылы көру мүмкіншілігімен салыс-
тырады. Көз қараңғыда тек қана көру мүмкіншілігіне ие. Ал Күннің 
сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз маңызды түрде дүниені 
көре бастайды. Оның себебі Күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, 
сонымен бірге заттарды да жарқыратып көрсетті. 
Іс-әрекеттік ақыл-ой, Әл-Фарабидің ойынша, Күннің сәулесі сияқты 
таным үдерісінде өзі дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы әлеуетті 
ақыл-ой маңызды ақыл-ойға айналады. 


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет