Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет244/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

Жүсiп Хас Хад-
жиб Баласағұн
(1017-1083 жж.) Баласағұн қаласында дүниеге келген. 
Ол қала сол кездегi Қараханид мемлекетiнiң сауда, қолөнер, мәдениетi 
дамыған басты қалаларының бiрi болған.
Негiзгi еңбегi 
«Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк)
– түрiк тiлiнде 
жазылған алғашқы мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Ол – 
қазiргi түркiтiлдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық 
саяси өмiрi, ғылымы мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда, 
мәдениетi туралы қыруар мол деректер бар туынды.
Ж.Баласағұнның ойынша, дүние 
жер, су, от, ауадан
тұрады. Адам, 
басқа тiршiлiктерге қарағанда, – ерекше жаратылған пенде. Оның 
жан-дүниесiнен 
өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты
табуға болады. 
Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген 
болатын. Әсiресе таным, бiлiм мәселелерiн ойшыл жоғары орынға 
қояды: 
«Бiлiм биiк, ақыл ұлық,
Бiлiмсiздiк – ауру...» – деп қорытады ұлы ойшыл. 
Дастанның арқауы ретiнде төрт қағиданы көрсетуге болады. 
Бiрiншiсi – әдiлеттiлiк, өйткенi мемлекеттi дұрыс басқару үшiн қара 
қылды қақ жаратын әдiл заңдар болуы қажет. Баласағұнның айтуынша, 
кiсiге үш дүние пайдалы: ізгi iс немесе мiнезi түзулiк. Екiншiсi – ұят, 
үшiншiсi – әдiлдiк. Бұл үшеуi арқылы адам шын бақыт табады. Iсi iзгi 
болса, бүкiл халық сүйедi. Iсi әдiл болса, төрге шығады.
Екiншiсi – бақ-дәулет. «Барлық iзгi нәрсені байқап көр», – дейдi ұлы 
бабамыз.
Үшiншiсi – ақыл-парасат. 
«Бiлiк бердi – адам бүгiн жетiлдi,
Ақыл бердi – талай түйiн шешiлдi».
Төртiншiсi – қанағат-ынсап:
«Дүние сүйiктi болғаны үшiн бүкiл айыбы
Саған игiлiк болып көрiнедi, ей, елден асқан қымбаттым!


275
Кiмде-кiм дүниеге көңiл байласа,
Тiршiлiгi оған ауыр тауқымет әкеледi».
Ойшыл осы төрт құндылық – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет