Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 3. Ортағасырдағы отандық философия



Pdf көрінісі
бет242/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

§ 3. Ортағасырдағы отандық философия
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бiздiң бабалар көшпендi мал 
шаруашылығымен қатар, «Жiбек жолы» мен Сырдарияның т.б. өзен-
сулардың бойында қалалар орнатып, егiн егiп, қолөнердi дамытып, 
сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, мәдениет пен 
философия да биiк деңгейге көтерiлген.
Ортағасырдағы отандық философияның айқын жұлдызы – ол Арис-
тотельден кейiнгi 
«Екiншi ұстаз»
аталған дана бабамыз 
Әл-Фараби

Бiз оның шығармашылық жолын «араб философиясына» арналған 
тарауда талдаған болатынбыз, өйткенi ол түрiктермен қатар, арабтардың 
да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар Орта ғасырларда 
басқа да көрнектi тұлғалар өмiр сүрiп, өздерiнiң тамаша ойларын 
халыққа сыйлаған.
Орта ғасырлардағы отандық философияның бастауын ғалымдар 
VIII ғ. өмiр сүрген 
Қорқыт атаның
шығармашылық жолына апа-
рып тiрейдi және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежiресi 
бойынша, Қорқыт – VIII ғ. Сыр бойында өмiр сүрген батыр, атақты 
ақын, асқан күйшi, қобызшы, аңыз кейiпкерi. 
«Қорқыт ата кiтабы»
– 
түркi тектес халықтардың ежелгi тарихын, өмiр салтын, әдет-ғұрпын, 
ақындық дәстүрiн танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның iшiнде 12 
түрлi дастан бар және оның әрқайсысы – өзiнше аяқталған шығарма. 
Бұл шығармалардың түп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда 
болған мифологияға кетедi, сондықтан олардың құндылығы да, мiне, 


273
осында. Мысалы, Дерсе хан туралы аңызда әйелiнiң кеңесi бойынша, 
хан қарапайым халыққа садақа үлестiрiп, ата-бабасының аруағына 
сиынып, тәңiрден бала тiлеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен 
ұрып-жыққаны үшiн, Бұқаш аталып кетедi. Мұндай желiс қазақ дастан-
дарында көп кездеседi. Батырлар «әулиеге ат атап, қорасанға қой 
атап», ата-бабалар қабiрiне түнеп, көп тiлектерден кейiн барып туады. 
Осылайша өмiрге келген балалар өсе келе, ел-жұртының қорғаны, 
қамқоршысы (Ертөстiк, Алпамыс, Қобы-ланды т.с.с.) болып шығады.
«Қорқыт ата кiтабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда «Жалғыз көздi 
дәу» ертегiсiнде кездеседi) өзiнiң iс-әрекетi, ой-мақсаты, қатыгездiгi 
жағынан «Одиссей» жырының үрейлi кейiпкерiн еске түсiредi.
Кiтаптың бесiншi тарауындағы «Тоқа баласы Ержүрек Домрул 
туралы жырда» ажалмен күресу, өлместiк мәселесi талданады.
Жалпы алғанда, «Қорқыт ата кiтабындағы» көтерiлген әлеу-
меттiк мәселелерге келер болсақ, олар: халықтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет