376
шыққан болашақ заттардың идеалдық үлгілері,
екіншіден, заттардың
ішкі мән-мағынасы, үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда
болған адамның басындағы ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ,
олар тек дара жеке өмір сүретін
заттар ғана шынайы, ал жалпылық
дегеніміз – заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың негізінде қойылған
есімдер ғана деген пікірге келеді.
Жаңа дәуірдегі
ойшылдар көбіне
номинализм
бағытына
жақыны-
рақ болды. Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмір сүрмейді,
оларды ойлап шығарған адамның зердесі деген пікірге келеді, олар
неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. Б.Спиноза ұғымдардың шығу
тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, жалпылықты
тек қана заттардың қарапайым ұқсастықтарынан іздеді.
И.Кант бұл ойды тереңдетіп, жалпылықтың екі түрін мойындайды.
Олар –
тәжірибеден шығатын
және
априорлық
(тәжірибеге
дейін
берілген) жалпылықтар. Ғылыми зерттеулер,
тәжірибе арқылы жаса-
латын жалпы ұғымдар әрқашанда жеткіліксіз, өйткені күндердің бір
күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның шеңберін бұзуы мүмкін.
Априорлық
жалпылықтарға келер болсақ, олар
Достарыңызбен бөлісу: