Серік Мырзалы философия оқу құралы


тиімді басқаруда (менеджмент)



Pdf көрінісі
бет453/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

тиімді басқаруда (менеджмент) 
екенін бүкіл әлем біледі. Олай болса
мемлекеттік меншікті нығайтып, оны басқаратын «топменеджерлерді» 
дайындауға аса көп назар аударылуы қажет сияқты. Энергетика, жол-
дар мен басқа коммуникациялар, су тораптары секілді өмірлік маңызы 
бар шаруашылық кешендері мемлекеттің қолында болуы керек. Бүгінгі 
таңда, еркіндік ұлттық капитал қорланған кезде, ел байлығын «оңға-
солға» сатуды тоқтатып, керісінше, бұрын басқаларға өтіп кеткен 
шикізат кеніштерін мемлекетке қайта оралту қажет. Сонда ғана мемле-
кет әлеуметтік мәселелерді кеңінен шеше алатын дәрежеге көтеріледі.
Дербестік жолында саяси салада біршама оң өзгерістер қалыптасты. 
Біз оны «зиялы демократиялық құндылықтарды жақтайтын авторита-
ризм» деп бағалар едік. Елімізде «сөз бостандығы», «көппартиялық», 
«кәсіби парламент», жүздеген «үкіметтік емес ұйымдар» пайда болды. 
Президенттің тағайындауымен жұмыс жасайтын атқару жүйесінің 


583
арқасында елде тәртіп болып, ең қиын уақыттардан аман-есен шықтық. 
Десек те, қайсыбір авторитаризмнің осал жері – сыбайлас жемқорлықтың 
етек алып кетуі, шен иелерінің озбырлығы. Бұл – Қазақстанға да 
қатысты нәрсе. Оның көлемін қысқарту үшін, демократиялық үдеріс 
ары қарай дамуы қажет. Сондай-ақ жоғарыдағы көрсетілген ел 
ерекшеліктері президенттік басқару жүйесінің сақталуын қажет ететіні 
де сөзсіз.
Қоғамның рухани өмірі шеңберіндегі мәселелеріне келсек, онда 
бірінші орынға білім беру мәселелерін қойған болар едік. Бұл салада 
да асырасілтеушілік болмады емес. Ол, негізінен, жеке меншікке 
негізделген оқу орындарын жасаумен байланысты болды.
Екіншіден, Батыс үлгілеріне өз жағдайымызды ескермей еліктеу, 
білім саласында технократтық саясат жүргізу, гуманитарлық білім 
беруге көңіл аудармау, «біржақты, тек өз мамандығын ғана білетін» 
кадрларды дайындау дер едік.
Қайсыбір рухани саланың өзегі – тіл. Дербестік алған елімізде қазақ 
тілі кең тыныс алып, даму үстінде. Көп халықтар өкілдері жиналған 
елдегі жетістік – бүкіл Қазақстан халқының қазақ тілін оқып-білуге 
бағытталған бетбұрысы. Әрине, кейбір зиялы қауым өкілдері оның 
тез уақытта күш алып кеткенін жаратар еді. Бірақ бұл мәселеге 
сабырлылық керек деп есептейміз. Негізгі шаруа – өз халқымыздың 
барын өз тілінде сөйлеуге, оны құрметтеуге шақыру, сол жолда барлық 
мүмкіндіктерді пайдалану дер едік. Сонда ғана басқа ұлттың өкілдері 
қазақ тілін тезірек меңгеруге мүдделі болады.
Өнер саласында да көп өзгерістер байқалады. Талантты азамат-
тарымыздың ашылып гүлдеуіне біршама жағдайлар жасалды. Бүгінгі 
таңда қазақ елінің өнерін көп елдерде біліп, қошеметтейді.
Сонымен қатар Батыс «бұқара мәдениетіне» жалаң еліктеу де жоқ 
емес. Әрине, өнер де өз заманына сай өзгеруі керек. Десек те, оның 
ұлттық негізі, арқауы әрқашанда сақталуы қажет деп ойлаймыз. Сонда 
ғана өнер саласы шынайы дамиды.
Енді ең қиын мәселе – халықтың діліне келер болсақ, ол бүгінгі 
өмірге сай болуы үшін қаншалықты өзгеруі керек деген заңды сұрақ 
туады. Себебі, реформаторлық саясатта, әсіресе алғашқы уақытта жеке 
мүдде қауымдық пен ұжымдыққа, еркіндік теңдікке қарсы қойылды. 
Оқырманның өзі де байқаған болар, бүгінгі таңда «ұжым» деген 
ұғымды өте сирек кездестіруге болады. 
Қауымдық, әлеуметтік мүдденің жекеден жоғары болуы қайсыбір 
салауатты қоғамның рухани өмірі мен адамгершілік құндылықтары 
негізінде жатыр. Ол – адамның әлеуметтік табиғатын көрсетіп, тұлға 
рухының іргетасын құрап, қоғамның шынайы бірлігін қамтамасыз 
ететін құндылық. Арампиғылдық, пайдақорлық, Әл-Фарабидің сөзімен 


584
айтсақ, «динарды қуудың» негізінде ізгі қоғам орнату мүмкін емес. 
Ондай қоғам орнаған жағдайда адамдар мәңгі бітпейтін ұрыс-керіс, тар-
тыс, бір-бірінен жаттану т.с.с. ахуалда болар еді.
Қазақ халқының керемет қасиеттерінің бірі – бұл дүниеде алу-
дан гөрі болуды жақтауы. Яғни өз бойыңдағы қасиеттерді гүлдетіп 
сыртқа шығару, өзіңнің ерекше болмысыңмен көріну, «сегіз қырлы, бір 
сырлы» болу. Бүгінгі Қазақстан қоғамында адамның ерікті еңбек етіп, 
белсенділік көрсетуіне, бұл дүниеде болуға деген ұмтылысына жағдай 
жасалған. Бәрі де өз қолымызда. Тек қажымай-талмай ізденісте болып, 
еңбек етіп, самарқаулықтан арылуымыз қажет.
Қазақстан дүниежүзілік қауымның ішінде өз орнын тапты. Ары 
қарай ел дамуының жалпы формуласын «жаһандық тұрғыдан ойланып, 
өз жеріңде белсенді шығармашылық іс-әрекет жасауға» теңер едік. 


585


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет