Серік Мырзалы философия оқу құралы


«арсенал», «адмирал» «тариф», «ава-



Pdf көрінісі
бет104/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

«арсенал», «адмирал» «тариф», «ава-
рия», «медицина», «алгебра»
т.с.с. сөздер араб сөздіктерінен шыққан. 
Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару, соғыс жүргізу, 
мәдениетті дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті. Оның бәрі 
басқа халықтардың мәдениетіндегі жетістіктерді өз дүниетанымен 
ұштастыру арқылы келсе керек.
Дүниежүзілік мәдениетке қосқан арабтардың үлесі көп. Соның 
ішінде философияға келетін болсақ, олардың өшпес еңбегі – 
антика
дәуірінде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерт-
теп, 
өз тіліне аударып, оны ары қарай дамытуы
.
Бұл үлкен 
«аудармашылық қозғалыс» 
ретінде тарихта қалды. 
Эвклидтің еңбектері мен Плотомейдің «Альмагестінен» бастап, Платон 
мен Аристотельдың шығармаларының бәрін дерлік араб ғалымдары өз 
тіліне аударып, халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айнал-
дырды. Бұл қозғалыс VII ғасырдың аяғынан бастап ХI ғасырға дейін 
созылды. 
Ал арабтардың өздерінің ғылымға қосқан үлесіне келсек, Абу-
Миамардың «Зидж Абу-Миамар» деген еңбегі сол кездегі астрономиялық 
ілімнің биік шыңы болды. Әл-Батанидің жасаған астрономиялық 
кестелері латын тіліне аударылып, еуропалық астрономия оқулығына 
айналды. Синус пен косинустарды астрономиялық есептеулерге алғаш 
енгізген де – сол кісі. Ибн-Юнус уақытты өлшейтін маятник ойлап 
шығарды. Джабир Ибн-Афьян – алғашқы обсерваторияның негізін 
қалаған адам, ал Әбу-Мұса Джабирді «химия ғылымының әкесі» деп 
атайды. Закария Разидің «Барлығын қамтитын кітабы» да латын тіліне 
аударылды, ол заманының ең ұлы дәрігерлерінің бірі болған. 
Арабтардың философия саласына енгізген еңбектері – ерекше 
әңгіме. Оны осы тарауда талдайтын боламыз. 
ХI-ХII ғасырларда арабтардың барлық игерген мәдениет құнды-
лықтары Батыс Еуропа халықтарының тілдеріне аударыла бастайды.
Араб мәдениеті, әрине, Орта Азия халықтарының тағдырына, мәдени 
дамуына өзінің зор әсерін тигізді. Негізгі нәтижелердің бірі Орта Азия 
халықтарының бірқұдайлыққа көшіп, ислам дінін қабылдауы болды. 
М.Вебер уақытында айтқандай, ислам – көшіп-қонған жауынгер 
халықтардың діні. Біздің жартылай жерде отырған, жартылай көшпелі 
өмір салтын ұстаған қазақ халқының дүние сезіміне бұл дін сай келіп, 


122
оның бергі тарихы осы діннің аясында өмір сүріп және бүгінгі таңға 
дейін дамып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет