Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет106/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

«Екінші мұғалім»
атағын алған Әл-Фараби 
болды.
Әл-Фараби
(толық аты Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан Ибн Узлақ 
ат Тюрки) Қазақстан жерінде, Отырар қаласында 870-950 жж. дүниеге 
келген. Жас кезінде білім іздеп, Таяу Шығыста Бағдад пен Алеппо 
қаласында білім алып, араб тілі мен грек тілін меңгеріп, антикалық 
философияны зерттейді. 
Әл-Фарабиді араб философы деп толығынан бағалауға болады, 
өйткені ол араб рухынан нәр алып, өз еңбектерін сол тілде жазған. 
Сонымен қатар оны қазақ халқының философы деп те атай аламыз, 
өйткені ол біздің елде дүниеге келіп, соңынан қазақ халқын құраған 
көп түрік тайпаларының біреуінен шыққан, біздің сол кезде өмір сүрген 
бабаларымыздың дүниені түйсінуі мен дүниетанымын бойына жас 
кезінде сіңірген. 
Бірақ ең жақсысы – оған Шығыс философиясының жұлдызы, тіпті 
дүниежүзілік философияның ең ірі тұлғаларының бірі деген баға 
бергеніміз дұрыс болар еді. 
Әл-Фарабидің философиялық еңбектері көп. Солардың ішінен 
«Ғылымдарды іріктеу жөнінде», «Ізгі қаланың тұрғындарының 


124
көзқарасы туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің 
нақыл сөздері», «Бақытқа жету жайында» деген еңбектерін атап өтуге 
болады.
 Онтология (болмыс) ілімі
Әл-Фарабидің онтология ілімінің негізінде неоплатонизмнің «эмана-
ция» (тасу, ағу) ұғымы жатыр. Бұл ағымның негізін қалаушы Плотин 
дүниежүзілік Бір мен материялық өмірдің екі ортасында дүниежүзілік 
ақыл-ой (nous) және дүниежүзілік жан (psychе) бар деп есептесе
Әл-Фараби бұл көзқарасты анағұрлым күрделендіреді. Өзінің «Ізгі 
қала жөніндегі» еңбегінде Әл-Фараби: «Дүниені тудырған – «Бірінші 
Мән», – дейді. Ол – бүкіл баршаның өмір сүруінің алғашқы себебі, ол 
кемеліне келген, ешқандай мінсіз (одан басқалардың бәрінің де ең бол-
маса бір, я бірнеше кемшілігі, міні болады).
Алғашқы Мәнде қайшылық пен бейболмыстық жоқ, өйткені олар – 
тек қана «Ай астындағы дүниеге» тән нәрселер. Сол себепті ол – 
мәңгілік, ол өзінің өмір сүруі үшін ештеңені: себепті, бітімді, мақсатты, 
ұмтылысты қажет етпейді, өйткені оларды ол қажет етсе, онда ол 
бірінші себеп болмас еді. 
Әл-Фараби «Алғашқы Мәнге» оның мән-мағынасын көрсететін 
басқа ұғымдарды қолданады: «Ол – барлығынан биік, барлығын білетін, 
Дана, Ақиқат, Тірі, Өмір», – дейді. 
Бірінші Мән материя емес. Сондықтан ойшыл оған «белсенді 
ақыл-ой» деген ат қояды. 
«Бірінші Мәннен бүкіл Болмыс пайда болады. Өйткені ол өз-өзіне 
сыймай, тасып ағады (эманациялайды). Ал Болмыстың дүниеге келуі – 
оны тудырған Бірінші Мәннің жойылуы деп түсіну қате», – дейді ұлы 
ойшыл. Мысалы, сәбидің дүниеге келуі оны тудырған әке-шешесінің 
дүниеден кетуімен тең. Ал ол – біздің «Ай астындағы» болмысқа ғана 
тән нәрсе. Ал Алғашқы Мәнге келер болсақ, ол басқа Болмысқа өмір 
бергенмен, өзі жойылмайды, мәңгілік, егер ол жойылса, онда ол оның 
Алғашқылығын жояр еді, оның сыртында одан да жетілген басқаның 
бар екенін көрсетер еді. Олай болса, «Алғашқы Мән» өзі үшін өмір 
сүреді, басқа Болмыстар соның ішінде, соған қатысты ғана өмір сүре 
алады.
«Бірінші Мән» өз-өзіне сыймай тасыған сәтте, екінші Барлық 
дүниеге келеді, ол абсолютті денесіз, өзінің мән-мағынасын ашып және 
Алғашқы Мәннен пайда болғанын түсінеді. Ол арнасынан шығып, 
қажетті түрде «үшінші Барлықты» тудырады. Ол да материя емес
өзінің мән-мағынасын ашып, Бірінші Мәнді түсінеді. Үшінші Барлықпен 
«Бірінші Аспанның» болмысы бітеді. Үшінші Барлық қажетті түрде 
төртіншіні тудырады. Ол әлі материя емес. 


125
Барлық қажетті түрде «қозғалмайтын жұлдыздар» әлем болмысын 
төртінші кезекте тудырады.
Әл-Фараби оларды Сатурнның болмысынан бастайды. Ол Юпитерді 
тудырады, содан кейін Марс, Күн, Венера, Меркурий, Ай болмыстары 
дүниеге келеді. Аспан болмысы Аймен бітеді. 
«Ай астындағы Болмыс», яғни біз өмір сүріп жатқан Әлем. Соны-
мен, ол бірінші «Бірінші Мәннің» тудырған Болмысы болып шықты. 
Бұл болмыстың ерекшелігі – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет