Серік Мырзалы философия оқу құралы


Н.Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа енгізген төңкерісі



Pdf көрінісі
бет133/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
Н.Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа енгізген төңкерісі
Астрономия ғылымы көне заманда пайда болған ілімдердің біріне 
жатады. Ертедегі көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға 
қарап, өздерінің бағыттарынан таймай, көшіп-қонып отырған. Біздің 
қарастырып жатқан Қайта өрлеу заманындағы астрономияның ары 
қарай дамуына түрткі болған теңіз сауда-саттығын жасау, алыс елдерге 
мұхитты қақ жарып бару болды. Ол үшін теңіз жолдарын ары қарай 
мұқият анықтау қажеттігі астрономиялық ізденістерді жандандырды. 
Екінші үлкен мәселе – Юлий Цезарь заманында жасалған күнтізбені 
түзеу, ол да астрономиялық зерттеулермен байланысты болды. 


153
Үшіншіден, сонау көне заманда жасалған Птоломейдің геоцентрлік 
жүйесі діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта іс жүзінде 
ескірді. 
Осындай жағдайда поляк ғалымы 
Н.Коперник
(1473-1543 жж.) 
астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін енгізді. Негізгі 
еңбегі – «Аспан аймақтарының айналуы туралы». Бұл еңбектегі негізгі 
идея – Жер ғарыштың ортасы емес, ол, біріншіден, өзінің діңгегінен 
айналады, екіншіден, Күнді айналады; Күн – дүниенің ортасында 
тұрған шамшырақ (гелиоцентризм) Бұл жаңа болжам күн мен түннің 
ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге мүмкіндік берді. 
Н.Коперник Айдың Жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам 
жасады. 
Сонымен қатар Н.Коперник бұрынғы аристотельдік-птоломейлік 
жүйенің кейбір қағидаларын қалдырды. Ол – алыстағы қозғалмайтын 
жұлдыздарды бұл дүниенің шеті деп түсіну және жер мен басқа 
планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек, ал қозғалыстары 
біртекті деген пікірлер. 
Бірақ мұндай кемшіліктеріне қарамастан, Н.Коперниктің ашқан 
жаңалығы діни көзқарасқа үлкен соққы жасап, Жаңа дәуірдегі ғылымға 
аттанатын жол ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет