Серік Мырзалы философия оқу құралы


Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер



Pdf көрінісі
бет164/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
Шефтсберри мен Мандевиль. Моральдық мәселелер
Антони Шефтсбери
(1671-1713 жж.) философия тарихына жазушы-
моралист ретiнде кiрдi.
«Адамдардың, әдет-ғұрыптардың, пiкiрлер мен уақыттың 
мiнездемелерi» 
деген еңбегiнде ол: «Әсемдiк пен iзгiлiк – бiр», – деген 
пiкiр айтады.
А.Шефтсбери моральдық құндылықтарды адамның iзгi табиғатынан 
шығарады. «Әсемдiк, әдiлеттiлiк, адалдық жөнiндегi түсiнiктер мен 
принциптер адамның табиғатынан шығады, басқа олардың қайнар көзi 
жоқ», – деп ашық айтады. Бұл мәселе бойынша ол Т.Гоббс пен Д.Локқа 
қарсы шығып, «Iзгiлiк пайда табу жолында, я болмаса марапаттау мен 
жазалау мүмкiндiктерiнен пайда болатын қорқыныш сезiмнен емес
ол өз-өзiн тудырады, iзгiлiк жолындағы адам өзiн бақытты сезiнедi. 
Iзгi адам өзiнiң сана-сезiмi, iс-әрекетiмен өзi мүше болып отырған 
әлеуметтiк топтың, қоғамның жетiлуiне бар күшiн салуы керек.
Iзгiлiк адамның iшкi табиғатында орын алғаннан кейiн, әрине, 
ол Құдайға сенуге тiкелей байланысты емес. Керiсiнше, дiннiң 
қағидаларының өзi моральдық сананың сынынан өтуi қажет. Өйткенi 
адамзат тарихы дiннiң көп жағдайда моральдық санаға тигiзетiн терiс 
ықпалын көрсетедi.
Кiмде-кiм iзгiлiкке Құдайдың мейірбандығы тиюi үшiн, я болмаса 
жамандыққа Оның жазалауынан қорқып бармаса, оны моральдық пенде 
деп атауға болмайды. «Ондай адамда адамгершiлiк, iзгiлiк, әулиелiк 
шынжырға байлап қойған арыстанның момындығынан көп емес», – деп 
қорытады А.Шефтсбери.
Алайда бұл келтiрiлген пiкiрлер ол Құдайды мойындамаған екен 
деген пiкiрге әкелмеуi керек. Оның ойынша, «Құдай – әсемдiктiң 
негiзгi қағидасы, себебi, қайнар көзi». Оның негiзгi рөлi – сондай 
әсем, тәртiпке келген ғарышты тудырғанында. Осы сыртқы әсемдiкке 
адамның iшкi рухани өмiрiнiң «бақтары мен көгорайы» сәйкес келуi 
керек, – деп өзiнiң моральдық философиясын қорытады А.Шефтсбери.
Осы замандағы екiншi көрнектi ағылшын философы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет