189
тек қана өзiнiң түйсiктерiнiң әртүрлi қосындыларымен кездеседi деген
пiкiрге келуi. Яғни Д.Беркли зерттелiп жатқан заттардың қасиеттерiн
адамның түйсiктерiмен теңедi. Мысалы, шиенi алсақ, ол қоңыр-қызыл
түстi, дөңгелек, жұмсақ, қышқыл-тәттi. Осы түйсiктердiң бәрiн алып
тастасақ, онда шиеден не қалады? «Ештеңе», – деп жауап бередi
Д.Беркли. «Шынына келгенде, нысан мен түйсiк – бiр және оларды бiр-
бiрiнен ажыратуға болмайды», – дейдi ойшыл.
Мұндай көзқарас философияда
солипсизмге
(solus – латын сөзi,
«жалғыз өзiм» деген мағына бередi) әкеледi: яғни дүниеде мен ғана
өмiр сүрiп жатырмын, ал бүкiл әлем, басқа заттар мен адамдар менiң
түйсiктерiмнiң әртүрлi қосындылары ғана деген пiкiр тудырады.
Мұндай ерсi пiкiрден аулақ болу үшiн, Д.Беркли: «Дүниенiң өмiр
сүруiн мойындаудың негiзi жеке адамның санасында ғана емес, соны-
мен қатар басқа адамдардың да дүниенi қабылдауымен байланысты», –
деген пiкiрге келедi.
Ал көп адамдардың дүниедегi белгiлi бiр заттар жөнiндегi ортақ
пiкiрi, олар жөнiндегi ортақ пiкiрлерi, бiр-бiреуiмен келiсiмi Құдайдың
құдiреттi күшiнде жатыр. Сонымен, қорыта келе, Д.Беркли алғашында
тек қана жалқыны мойындап, материалистiк көзқарастан бастап,
келесi сатыда субъективтiк идеализмге жетіп, соңында теологиялық
көзқарасқа келiп тiреледi.
Достарыңызбен бөлісу: