Серік Мырзалы философия оқу құралы


және дiн» т.с.с. Табиғат философиясы



Pdf көрінісі
бет191/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

және дiн»
т.с.с.
Табиғат философиясы
Жаңа дәуiрдегi философияда натур-философиялық мәселелердi өз 
заманындағы ашылған жаратылыстану ғылымдарындағы деректермен 
ұштастырып, сонымен қатар бiршама жаңа ойларды дүниеге келтiрген 
Шеллингтi, бұл жағынан алғанда, ешкiммен салыстыруға болмайды. 
Оны Фихтенiң жасаған «Үлкен Менi», әсiресе табиғатты тек қана құрал 
ретiнде түсiнуi қанағаттан-дырмайды.
Дүниенiң алғашқы бастауын Шеллинг Абсолюттен көредi. Ол – 
субъект пен объектiнiң тепе-теңдiгi. Өзiнiң алғашқы кейпiн алар 
болсақ, ол – өзiнiң субъект, иә болмаса объект екенiн әлi бiлмейтiн рух, 
саналы және бейсаналы iс-әрекеттiң теңдiгi. Сонымен, Шеллингтiң 
сөздерiмен айтсақ, Абсолют «өзiнiң мәнi бойынша идеалды да, реалды 
да емес, ойлау да, болмыс та емес бiрдеңе».
Алайда бұл бiрдеңенiң дамуға деген талпынысы бар. Оның алғашқы 
нақтылы көрiнiсi – ол Табиғат. Егер Фихтенiң философиясында «Әрекет 
ет!» деген талап үлкен орын алса, Шеллинг: 
«Бол!»
– дейдi.
Сонымен, Шеллингтiң ойынша, алғашқы дүниенiң негiзiнде жатқан 
тепе-теңдiк, оның өмiрде болу құштарлығын оятып, ол табиғатқа айна-
лады. Табиғат өзiнiң алғашқы өмiр сүруiнен бастап құнарлы, өндiре 
алатын күш – natura naturans, оны тек қана жұмсақ, қай нәрсенi болма-
сын қабылдай алатын негiз – natura naturata – деп есептеуге болмайды.
Әрине, табиғат өзiнiң алғашқы сатыларында бейсаналық, стихиялық 
түрде iс-әрекетте болғанымен, ол белгiлi бiр мақсатқа лайықты 
нәтижелерге әкеле бастайды. Табиғаттың осындай даму сатыларын 
Шеллинг заттардың бiр-бiрiне тартуы мен өзара итерулерiнен көредi 
(физикалық тiлмен айтқанда, гравитация мен магнетизм). Келесi сатыда 
табиғатта химиялық өзгерiстер пайда болады, ал оның өзi электрлiк 
үдерістермен тығыз байланысты. Ал бұл үдерістердiң өзi, жүре келе, 
тiршiлiк әлемiн дүниеге әкеледi. Осы тұрғыдан Шеллинг тiршiлiк 
жөнiндегi әртүрлi преформистiк (praeformo – латын сөзi, алдын ала 
құрамын) көзқарастарды сынға алады.
Әрине, тiршiлiк дами келе өзiнiң ғажап туындысын – адамды 
дүниеге әкеледi. Осы тұрғыдан алғанда, адам мен табиғат – субъект пен 
объектiнiң бiрегейлiгiн көрсетедi. Таза табиғаттағы гравитация (тар-
тылыс) қасиетi идеалды өмiрде бақылауға ауысады. Соның негiзiнде 


217
адамның iшкi өмiрiнде бiрте-бiрте өзiндiк сана-сезiм пайда бола 
бастайды.
Өзiндiк сананың тарихын Шеллинг үш сатыдан көредi.
Бiрiншi сатыда ол көмескi түйсiктен шығармашылық аңдауға шейiн 
көтерiледi. Бұл сатыда iшкi сезiм мен сезiлетiн нысан әлi бiр-бiрiмен 
тең.
Екiншi сатыда шығармашылық аңдаудан ұғымдарды туғызуға дейiн 
көтерiледi (кеңiстiк, уақыт, себептiлiк, қажеттiк т.с.с. санаттар пайда 
болады).
Үшiншi сатыда ұғымдардан өзiндiк санаға дейiн көтерiледi, яғни 
субъект өзiн сыртқы дүниеге қарсы қойып, сонымен қатар өз-өзiн 
нысан ретiнде тани алатын дәрежеге көтерiледi. Демек, бейсаналық 
тарихтан өтiп, белсендi, ерiктi және саналы, табиғаттың құрсауын 
бұзып шығатын күшке айналады. Яғни табиғат қоғамға ауысады. Бұл 
арада бiз Шеллингтiң тарих философиясына келiп тiрелдiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет