Сабақ Өткізген: Смайлова А. А. Төңкеріс негізгі мектебі



Дата11.11.2016
өлшемі58,24 Kb.
#1513
Тақырыбы: «Абай мен Шәкәрім»

Сыныптан тыс сабақ

Өткізген: Смайлова А.А.

Төңкеріс негізгі мектебі

2015 ж.

Абай Құнанбайұлына 170 жыл!

Сынып сағатының мақсаты:

  1. Қазақ елінің ойшыл ақыны Абайдың өмірімен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбектерімен жан-жақты таныстыра отырып, оқушыларға ақынның әдебиет, философия, педагогика ғылымдарындағы, қазақ халқының тарихындағы орнын ашып көрсету. Абайдың немере інісі Шәкәрім туралы мағлұмат беру. Ой қозғау.

  2. Сынып сағатына оқушылардың белсенді қатысуына, қызығушылықтарын арттыруға, ойлау қабілеттерін дамытуға көәіл бөлу. Тарихи қайраткерлерді сипаттап, рөлдік қойылымға қатыстыру.

  3. Абайдың өмірі мен қызметінен нақты мысалдар келтіре отырып, оқушыларды оның өнегелі істерінен үлгі алуға тәрбиелеу, олардың туған еліне, халқына, ұлы тарихи тұлғаларға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.

Сабақтың түрі: Сахналық қойылым, әңгіме, ойын.

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, музыка.

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған бүктеме, слайд, плакаттар, Абайдың портреті, Шәкәрімнің өмір жолы бүктеме, Ескендір Зұлқарнайын, Аристотелдің киім кешегі т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, қонақтармен амандасу. Отырғызу.



II. Өткенді қайталау, жалпы еске түсіру. «Тізбек» ойыны.

Балалар сендер жалпы тарихи сұрақтар арқылы білімдеріңді еске түсіріп сергіп алыңдар.

Ойын барысында мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап парақтарын алып шығып, тізбек шынжыр жасап тұра қаласыңдар.


  • Керей мен Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығына биыл неше жыл толды? / 550 жыл/

  • ҚР ата заңына неше жыл? / 20 жыл/

  • Біз өз елімізді қалайша атаймыз, қалай мақтана аламыз? //

  • Қазақ сөзі нені білдіреді? / еркін адам/

  • Қазақстан көп ұлтты ел екенін елбасының сындарлы саясаты дәлелдеп берді. Олай болса көп ұлтты еліміз қандай атаулы мерекесін тойлап жатыр?/ Ассамблеяға 20 жыл/

  • Қазақтың ұлы данасы кім, дарасы кім? / Абайдың 170 жылдығы/

  • Біздің батыр бабаларымыз қиын қыстау кезінде өздерінің жанында берген, қанын да берген, жеңіске жеткен. Биыл айтулы қандай мереке? / ҰОС 70 жыл/

Өте жақсы орнымызға жайғасамыз.

III. Жаңа тақырыптың жоспары:

Оқушылар бүгінгі сынып сағатымыздың эпиграфы ретінде С. Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге» - деген ұлы сөзімен бастағым келеді.

Сынып сағатының мақсаты: Қазақ елінің ойшыл ақыны Абайдың өмірімен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбектерімен жан-жақты таныстыра отырып, ақынның әдебиет, философия, педагогика ғылымдарындағы, қазақ халқының тарихындағы орнын ашып көрсету. Абайдың немере інісі Шәкәрім туралы мағлұмат беру. Ой қозғау.

Абай – ақын. Абай – сазгер. Абай – философ. Абай – аудармашы. Абай – дана. Абай – кемеңгер. Қазақ әдебиетінің негізін салушы. Абайдың қара сөздері, әндері бар.

Абайдың өмірі жайында қазақ әдебиеті, музыка пәндерінен көптеген мағлұматтарды білесіңдер.

Бүгін мен сендерге оның немере інісі Шәкәрімге тоқталғым келеді. Шәкәрім Абайдың Құдайберген деген ағасының баласы. Ол жастайынан жетім қалып, ағасы Абайдың тәрбиесін алып өседі. Абайдың ең сүйікті шәкірттерінің бірі болды.

Қай ақын болсын өз дәуірінің перзенті, өз заманының жемісі. Шәкәрім де сондай. Күрделі тарихи кезеңде өмір сүрді. Ғасырлар бойы тарих сахнасында сан қилы аласапыран күйді басынан кешіріп келе жатқан Қазақ елінің басындағы экономикалық және рухани, мәдени ауыртпалықтарды, заман проблемаларын көзімен көрді. Сондай қилы заманда 1931 жылғы зұлмат репрессияға да ілікті. Оның және ағасы Абайдың тұқымдарында осы репрессияның тырнағы шарпып өткені тарихтағы ащы шындық екен балалар.

Міне мына қылқаламмен салынған бейне суреттер данышпан Шәкәрімнің бейнесі. 2008 жылы Шәкәрімнің 150 жылдығы атап өтілді. Бұл суретті қылқалам шебері Мақаш Әлиақпаров ағамыз бейнелеген екен.

Шәкәрімнің Абаймен сұхбаты, Шәкәрімнің Ыстамбұл қаласындағы, әнді домбырамен тартысы, Л.Н. Толстойдың шығармаларын аудару сәті, ақынның аңға шығуы мен саятқора жеріндегі ұлы Ахатпен қоштасу сәті ақынның қазасы яғни өлімі туралы мол мағлұматтарды Мақаш ағамыз шебер суреттеген.

Кезінде Кеңес үкіметінің қуғындауымен Шәкәрімнің балалары Ахат, Ғафур, Қабыш, Зият, Абайдың баласы Тұрағұл, Ақылбайдың Әубәкірі, Қабыштың баласы Баязитта куғындауға ұшырайды екен.

Мына суретте ақын Шәкәрім баласы Ахатпен қоштауда. Ал Шәкәримді атып өлтіргендегі сурет және оның денесін Құрқұдық деген жерде құдыққа тастаған екен.

Себебі ақын шындықты жырлаған, заманға қарсы тұра білген. Кейін Ахат деген баласы түрмеден аман есен оралып, әкесінің денесін қайта жерлегені тарихи шындық екен.

Абай Құнанбаев атамыз өзінің сүйікті балаларының қаза болғанына қайғырып, дүниеден ерте озған.

Ақынға арнап Семей жерінде саябақ орнатылды. Ақынның атында көшелер мен ғимараттар аталып келеді.



II. Сынып сағатының екінші бөлімінде мен сендерге арнап Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың математикалық ойлар мен әдістері, философиялық ой толғамдарын яғни жұмбақ өлеңдерін сендердің орталарыңа тастағалы отырмын.

Шәкәрімнің жұмбағы:

Бір нәрседен үш сипат қылдым хайла.

Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда?

Бір сипатын ортадан кесіп алсам.

Орнында тағы болар екеу пайда.

Біреу деп кесіп алып тастағаным,

Үшеу болып жатады басқа жайда.

Шешуі:

Бір қағазды қи-дағы үш бұрыштап,

Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап.

Қалған қағаз болады төрт бұрышты,

Үш бұрышты қиығын тұрсаң ұстап.

/Шәкәрім. Айтылмыш шығармалары. 277-278 беттер/

Сызбалық түсіндірмесі:



Абайдың жұмбағы:

«Алла мықты жаратқан сегіз батыр» деген өлең – жұмбағы беріледі.

Алла мықты жаратқан сегіз батыр.

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі:

Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз.

Таба алмасам, ақылды болар неміз?

Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

Жақсылық пен жамандық болады сегіз.

/Абай.Қ. Айтылмыш шығармалары 1 том 142 бет./

III. Сынып сағатымыздың үшінші бөлімінде оқушылар өздерің дайындаған Абай атамыздың «Ескендір» поэмасын сахналық қойылым ретінде көрсетейік.



Әрі қарай бүгінгі сабаққа қатысқан мектеп директоры мен мұғалімдерге сөз берейік.

Осымен бұл қызықты тамамдасақ.

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!

Осымен сабағымызды аяқтай отырып Абай әндеріне кезек берейік.

Сыныптан тыс сабақ аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 0615
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0615 -> Сабақтың мақсаты: "Оқушылар мен ата-аналардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру"


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет