Серік Мырзалы философия оқу құралы


объект ретiнде  қарап зерттеу, өйткенi  адам



Pdf көрінісі
бет214/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

объект
ретiнде 
қарап зерттеу, өйткенi 
адам
– рухтың басшылығымен өмiр сүрiп 
жатқан жан мен дененiң бiрлiгi, жеме-жемге келгенде, ол – 
рух
. Ойшыл 
рух – ойлаумен тең емес, олай болса, ол қисынның заңдарына тәуелдi 
емес деген пiкiрге келедi. Сондықтан философияның негiзгi мәселесiне 
нақтылы адамның өмiр сүруi, оның өзiндiк санасы, iшкi рухани өмiрi 
жатуы керек. Егер Сократ дүниенi түсiну үшiн ең алдымен өзiңдi 
тани бiл деген болса, Кьеркогер тек қана адамның iшкi өмiрiн тану-
мен қанағаттанып, сыртқы дүниенi, болмысты танудан үзiлдi-кесiлдi 
бас тартады. «Шындық, сыртқы өмiр бар ма?» – деген сұраққа ол 
терiс жауап бередi. «Шындық – ол iшкi дүние (innerlichkeit), Меннiң 
өз Менiне деген қатынасы». Адамның iшкi өмiрi объект болмағаннан 
кейiн таныл-майды, оны тек тебiрентуге ғана болады. Сондықтан Кьер-
когер адамның iшкi өмiрiн бейнелейтiн жаңа санаттарды философияға 
енгiзедi. Олар: 
өмiр сүру, үрей, сәт, өту, секiру, шешiм, шектелген 
мен шексiздiк, мүмкiндiк пен шындық, зардап шегу, қайталау, 
түңiлу, өкiну, кiнә мен күнә, қайта туу
т.с.с. Кьеркогердiң ойынша
бұл ұғымдар арқылы жеке адамның қайталанбас тебiренiстерiн беруге 
болады.
Өмiр сүру дегенiмiз – ол тебiрену, зардап шегiп, соның шеңберiнен 
шығуға бағытталған адамның iңкәрi. Өмiр сүру – адамның 
алдындағы мүмкiндiктердiң бiреуiн ерiктi түрде таңдап алып, өзiнiң 
қайталанбайтын ерекше болмысын iске асыру, тобырға ұқсамау, 
одан бөлiну. Өмiр сүру дегенiмiз – iшкi шектелген мен шексiздiктiң 


247
арасындағы таңдау, соған байланысты үрей, шешiм және секiрiс. 
Кьеркогердiң ойынша, шешiм еш нәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның 
ерiктi таңдауымен байланысты. Ал секiрiстiң өзi Гегельдiң айтып кет-
кен ұғымынан өзгеше – ол ешқандай дәнекерлiктi талап етпейдi, ол – 
зерденiң шеңберiнен шығып кететiн рухтың iс-әрекетi. 
Жоғарыда байқағанымыздай, Кьеркогердiң өмiр сүру диалектикасы 
философиядағы жалпы ұғымдардың өзара байланысы мен бiр-бiрiне 
өтуiнен анағұрлым алшақ жатыр. Мұнда бiз тек адамның iшкi жан-
дүниесiнiң тебiренiсiн көрсететiн «сезiмдiк ұғымдарды» байқаймыз.
Адам өмiрiндегi негiзгi сұрақтар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет