282
патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтiредi. Руми Джалаледдин
ол аңыз туралы былай дейдi:
«Бiр күнi Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу
естидi. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап
алып, Әдхамның алдына әкеледi. «Мұнда не iстеп жүрсiңдер?» – деген
сұраққа, олар: «Түйелерiмiздi iздеп жүр едiк», – дептi. «Қай заманда
кiм түйенi шатырдан iздеген екен?» – деген сұраққа, олар: «Бiз сенен
өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламен жақындасқың келмей
ме? Қай заманда кiм осындай орыннан Құдайға жақындап еді? – дептi.
Осыдан кейiн Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезiп, дәруiштiк жолға
түскен екен». Мiне, Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етiп былай дейдi:
«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргiл,
Тiлек берсең, дүние қызығын тепкiм келер».
Сопылық философияның көрнектi өкiлi Баязиттi де өнеге тұтып:
«Шайық Баязит жетпiс рет өзiн сатты,
Бұл дүниенiң бар қызығын тастап атты», – дейдi.
Әрине, мұндай пiкiрлер кейбiр оқырмандардың дүниеге деген
көзқарасына сай келмеуi мүмкiн. Бүгiнгi жеке меншiктi қалып-
тастырып, оны ары қарай дамыту жолында «баю идеологиясы» көп
насихатталғаны баршаға мәлiм. Саяси тұрғыдан алғанда, ол керек те
болған шығар, өйткенi бұрынғы Кеңес Одағындағы өндiрiстi жаппай
мемлекеттендiру адамдардың өндiрiстi дамытуға деген ынталарын су
сепкендей басып, өндiргiш күштердi тоқыратқан болатын. Негiзiнен,
сол себептi ол қоғам да құлдырап, келмеске кеттi емес пе? Алайда тек
дүние қуу жолында дұрыс қоғам орнату мүмкiн бе? Әрине, жоқ. Бұл
жөнiнде Қ.А.Яссауи былай дейдi:
«Дүние менiкi дегендер, жаһан малын алғандар –
Құзғын құстай арамға белшесiнен батқандар.
Молда, мүфти болғандар, жалған жала жапқандар,
Ақты қара қылғандар – ол тамұққа түседi.
Қазы, имам болғандар, нақақ жала қылғандар –
Есектей болып жегiлiп, жүк астында қалады.
Пара алған әкiмдер, арамдықпен жүргендер –
Өз бармағын өзi шайнап, өкiнiшпен қалады».
Ол өз заманындағы рухани-адамгершiлiк ахуалға көңiлi толмай,
ондағы кемшiлiктердi қынжыла сынайды:
«Үлкен-кiшi адамдардан
Достарыңызбен бөлісу: