Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет247/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

 Сопылық философия.
 Қожа-Ахмет Яссауидiң шығармашылық ойлары
Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың iшiнде 
сопылық философия
ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздiң төркiнi, 
шамасы, «sophos» – «дана» деген грек сөзiнен шықса керек. Сопылық 
философия ислам дiнiнiң шеңберiнде пайда болған мистикалық 
(құпия) – аскеттiк (өз-өзiн шектеу) ағым. Оның дүниеге келу себебiн 
жете түсiну үшiн, бiз назарымызды ислам дiнiнiң кейбiр ерекшелiктерiне 
аударуымыз қажет.


279
Ислам дiнi – тарихи ең соңғы дүниеге келген әлемдік дiн. 
Сондықтан бұл дiндегi аса үлкен басымдық – 
бiрлiк, бiрқұдайлық

ол – абсолюттi, оған ешқандай күмән келтiрiлмеуi керек. Бұл қағиданы 
мықты ұстаудың астарында осы уақытқа шейiн бытыраған көшпендi 
араб тайпаларының басын бiрiктiрiп, оларды бiр халыққа айналдырып, 
үлкен мемлекет құру қажеттiгi жатқан едi. Иудаизм мен христиандық 
дiн аз да болса «көпқұдайлықтың» сарқыттарынан әлі де болса 
арылған жоқ-ты (мысалы, Құдайды адамға ұқсатып бейнелеу – икона, 
бiр Құдайдың үштiгi: Құдай, Әке, Ұл және Киелi рух т.с.с.). Ислам 
дiнiндегi «Алла тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ, қаһарлы, 
қатал, адамды саналы пенде етiп жаратқанмен, өзiне ұқсас еткен жоқ. 
Сондықтан адам адасып кетпеуі үшiн, Ол қоғам өмiрiндегi 
болуға тиiс 
тәртiптiң
негiздерiн, адамның өмiрдегi 
жүрiс-тұрысының
қағидала-
рын Мұхаммед пайғамбар арқылы құрандағы 
Шариғатта
алдын ала 
берген және олар бұлжытпай орындалуы керек.
Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмiр өне бойы өзгерiсте 
болғаннан кейiн, ресми мешiттiң бұлжымас қағидалары шынайы 
өмiрде әртүрлi қайшылықтарды тудырады. Сондықтан жаңа дiндi 
уағыздаушылар көп ұзамай, екi топқа бөлiнедi. Олардың бiрiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет