Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет243/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

бiрлiгiн сақтау

әлеуметтiк 
әдiлеттiлiктi
жақтау, жер мен суды 
ақылмен пайда-
лану
, қылмыскерлермен 
заңды жолмен күресу
, әдет-ғұрыпты 
сақтау

елдi жаулардан 
қорғау
т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар бо-
йынша, Қорқыт ата өмiрiнiң соңғы кезiнде қобызын тартып, неше түрлi 
әуендер шығарған. Табиғаттың тылсым күштерiн, адам жанының көңiл 
күйлерiн, сезiмiн ұлы бабамыз қобыз сарынымен жеткiзе бiлген. Ол 
өлгенде, оның артында шығарған күйлерi қалады. «Қорқыт күйлерi» 
осы уақытқа дейiн ойналады.
Қорқыт атаның артында қалған нақыл сөздерi өзiнiң даналығымен 
тарихта сақталып, осы уақытқа дейiн бiздi таңғалдырады. «Ер жiгiтке 
қара таудай мал бiтсе, жияр, көбейтер, талап етер, бiрақ несiбесiнен 
артығын жемес». Қазiргi экономикалық реформалардың барысында 
әрбiр iскер адам, жалпы алғанда, әрбiр азамат осы нақыл сөздердi терең 
сезiнуi қажет, ол қазiргi 
бизнес этикасының негiзгi қағидаларының 
бiрi
болса екен деймiз. Сонда ғана iскерлер «Мерседес» мiнудiң 
орнына, жиналған қаражаттарына жаңа жұмыс орындарын ашып, өзiн 
қарапайым ұстап, халықтың шынайы алғысына кенелiп, қоғамдағы 
абыройлы әлеуметтiк топқа айналады. «Тәкаппарлықты тәңiр сүймес», 
«Көңiлi пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздер де жоғарыдағы 
айтылған ойларға жақын екенiн оқырман сезiнген болар.
«Ескi темiр бiз болмас, ескi мақта бөз болмас», «Қар қаншама қалың 
жауғанмен – жазға бармас, гүлденiп өскен бәйшешек – күзге бармас» 
деген нақыл сөздердiң де терең сыры бар. Өйткенi дүниедегi барлық 
құбылыстар мен заттар уақыттың шеңберiнде өмiр сүредi, олай болса, 
әр нәрсе өз уақытында ғана құнды, оның өз өлшемi бар.
«Ат қиналмай жол шалмас», «Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран 
жоқ» деген нақыл сөздер де өмiрлiк тәжiрибеден алынған. Дүниеде 


274
бақытқа жету үшiн қиындықтар мен қайшылықтардан өтiп, тек 
ақылмен жасалған ұлағатты iстер атқару қажет деген ойға әкеледi.
«Кiмнiң батыр, кiмнiң бақыл екенiн жырау бiлер» деген нақыл сөз 
тек көпшiлiктiң мүддесi үшiн iстелген iстер ғана құнды, қоғамның алға 
басуының тетiгi, негiзi деп қарағаны болып шығады.
Сонымен, Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары 
(ел қорғау, ар-намыс, бiрлiк үшiн күресу, iзгi ниетте болу, ұлағатты 
iс-әрекеттермен халықтың рухында қалып, өлместiк дәрежесiне 
көтерiлу т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала беретiніне бiз 
кәмiл сенемiз.
Орта ғасырлардағы отандық философияда ерекше орын алатын, 
бүкiл дүниежүзiлiк ағарған қауымға мәлiм тұлға – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет