Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет261/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

тiзгiн бермеген
,
Орысқа ырғын болған жұрт.
Ханның ойын бiлмеген,
Жауына таланып қалған жұрт...
Бiрауызды болмаған
,
Тозуды тосқан бiздiң жұрт...». Бұл шумақта жырау халықтың 
арасындағы бiтпейтiн алауыздықты, бiр орталық билiкке бағынбай, 
оның әлсiз болып қалғанын, сол себептi әрбiреудiң сiлтеген жағына 
ауытқып, өз-өзiн жоғалтқанына тоқтала келе: 
«Өзiңнен-өзiң безбе 
жұрт»
, – деген терең нақыл сөздер айтады.
Сол себептi де, Бұқар жырау барлық жан-тәнiмен Абылай ханның 
бүкiл халықтың басын бiрiктiруге бағытталған саясатын қолдап, өзiнiң 
жыр-толғауларында оның тұлғасын мақтаныш етедi:
«Басыңа бiткен күнiңiз, 
Құтты болсын ұлыңыз.
Хан Абылай атандың...
Алтын тақтың үстiнде
Үш жүздiң басын құрадың.
Жетiм менен жесiрге
Ешбiр жаман қылмадың.
Әдiлетпен жүрдiңiз,
Әдептi iске кiрдiңiз,
Арманым бар ма, хан ием», – деп, өзiнiң қанағат еткенiн бiлдiредi. 
Сонымен қатар жырау елбасының кемшiлiктерiн әшкерелеп, саяси 
батылдық көрсетiп, адал ниетпен кейбiр уақытта оны қатты сынай 
бiлген:


294
«Ай, Абылай, Абылай,
Ал тiлiмдi! Аласың, 
Егер тiлiмдi алмасаң,
Жалғыз жәутiк қаласың...». 
Абылай хан өлгенде, жырау қазақ халқының орны толмайтын қазаға 
ұшырағанын терең түсiнiп, оны жоқтады:
Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай,
Қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай...
Үш жүздiң басын қосқан Абылай!
Үш жүзден үш кiсiнi құрбан қылсам,
Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай?! – деп зар жылады.
Таңғаларлық нәрсе, Бұқар жыраудың тарихи көрегендiгiн төмендегi 
жолдар айқын дәлелдейдi:
«Күнбатыстан бiр дұспан
Ақырда келер сол тұстан.
Өзi сары, көзi көк,
Дiндарының аты поп...».
Егер сол кезде тiптi қазақ жерiнде Ресей мемлекетiнiң суық желi 
байқалып тұрған деп есептесек те, боданданған халықты олардың қалай 
өз еркiне көндiрiп, басқаратыны жөнiнде айтқан жыраудың сөздерi 
өзiнiң асқан көрегендiгiмен адамның жан-дүниесiн дүр сiлкiндiредi:
«Жемқорларға жем берiп,
Азды көпке теңгерiп,
Ел қамын айтқан жақсыны
Сөйлетпей ұрар ұртына!
Бауыздамай iшер қаныңды, 
Өлтiрмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды,
Есепке салар барыңды...». Тарих беттерi соңынан толығымен 
бұл болжаудың даналығын көрсеттi. Мына жыраудың геосаяси 
көзқарастарына көз жiберсек, ол бүгiнгi қазаққа да үлкен ой тастайды:
«Шүршiтпенен құлақтас,
Қырғызбенен жұбаптас.
Ортасында ұйлығып,
Кетпейiн десе, жерi тар,
Кетейiн десе, алды-артын
Қоршап бiр алған кәуiр бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып, 
Бүйiрiнен шаншу қадалып,
Сорлы бiр қазақ қалды, ойла!». Әрине, бүгiнгi таңдағы егемен қазақ 
елi әлемдегі ең беделдi iрi мемлекеттерден өзiнiң дербестiгi жөнiнде 
кепiлдік алды. Сонымен қатар бiз екi бүйiрде жатқан екi алып мемлекет 


295
бар екенiн ұмытпай, соған сәйкес ақылды да икемдi саясат жүргiзуiмiз 
керек, сонда ғана бiз жыраудың өсиетiн орындаймыз.
Ендi Бұқар жыраудың әлеуметтiк-саяси көзқарастарынан өтiп, оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет