Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет262/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
болмыс, адам
туралы ойларына келер болсақ, ол бұл дүниенi өтпелi 
жалған ретiнде қарайды. Еш нәрсе бұл дүниеде мәңгi емес, сонымен 
қатар өмiрге келген құбылыс өзiнiң белгiлi бiр заңды сатыларынан өтiп 
барып, дүниеден кешедi:
«Он екi айда жаз келер, 
Құс алдында қаз келер.
Айтып-айтпай немене,
Дәуренiңiз аз келер...».
Жыраудың ойынша, адам да, басқа құбылыстар сияқты, өз өмiрiнiң 
саты-сатыларынан өтедi. Оны ол ғажап шеберлiкпен, қазiргi тiлмен 
айтқанда, экзистенциалдық түрде қарайды:
«Балалық он жасыңыз
Балғын өскен құрақтай.
Жиырма деген жасыңыз 
Жарға ойнаған лақтай.
Отыз деген жасыңыз
Таудан аққан бұлақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеулi тұрған құр аттай.
Алпыс деген жасыңыз
Күзгi соққан жел екен.
Жетпiс деген жасыңыз
Жетiм қалған күң екен...». 
Жырау дүниенiң қайшылықты екенiн, олардың бiр-бiрiне өтiп жата-
тынын басып айтады:
«...Айнала iшсе таусылмас
Көл суалмас демеңiз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңiз...».
Жыраудың ойынша, бұл дүниеге келiп, уақыты келгенде, бәрi де 
кетiп жатыр. Сонымен қатар өлместiк дәрежеге жететiн бiр-ақ нәрсе 
бар. Ол – адам:
«...Ай мен Күннiң өлгенi –
Еңкейiп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгенi –
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердiң өлгенi –
Қар астында жатқаны.


296
Өлмегенде не өлмейдi?
Жақсының аты өлмейдi,
Ғалымның хаты өлмейдi
», – деп қорытады ұлы ойшыл. Тек адам 
ғана өзiнiң шығармашылығымен, жақсы iстерiмен өмiрде өзiнiң iзiн 
қалдыра алады. Сонымен қатар адам өзiнiң өмiрiнiң соңы болатынын 
бiлетiн пенде болғандықтан, ол өмiрге ешқашанда тоймайды, оның 
арман-қиялдары, үмiтi таусылмайды, ол шексiздiкке ұмтылған жан:
«Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кiрсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мiнсе де,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет