Серік Мырзалы философия оқу құралы


«Ego» (латын сөзi, «Мен» деген мағына бередi), яғни  адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн  «Super ego»



Pdf көрінісі
бет313/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
«Ego»
(латын сөзi, «Мен» деген мағына бередi), яғни 
адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн 
«Super ego»
(өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған неше 
түрлi қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтiк норма-
лар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. 
кiредi, ол – тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан 
оның барлық жүрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп 


344
отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iргетасы ретiнде тым 
терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi – ол 
«Libido»
(латын 
сөзi, құштарлық, iңкәрлік, құмарлану деген мағына бередi), я бол-
маса оны қысқаша 
«Id»
деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, 
оған адамның барлық бисаналық түрде өтiп жататын психикалық 
құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, күңгiрт сезiмдер 
мен түйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегiне 
З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бүкiл 
адамның психикалық жан дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның 
«өздiгiн», ерекшелiгiн құрайды.
З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат 
алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дүниеге, айнала қоршаған 
ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бисаналықтың 
арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында 
адамның жан дүниесiне енгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары 
өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс күш-
қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан, адамды невроз ауруларының 
түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда 
сублима-
цияланып
(sublimatio – латын сөзi, «биiкке көтеремiн» деген мағына 
бередi), яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, 
тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мүмкiн.
Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктi 
бөлiп алады. Олар – «өмiр инстинктi» – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет