Серік Мырзалы философия оқу құралы


Өмiр – ағым, өзгерiс, шығармашылық



Pdf көрінісі
бет309/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Өмiр – ағым, өзгерiс, шығармашылық

онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы 
ғана суреттеуге болады. Осы арада «шығармашылық трагедия» 
дүниеге келедi. Өйткенi өмiрдiң қайталанбайтын толқындары оның 
объективтелген, яғни заттанған формаларымен қайшылыққа келедi. 


339
Ол қайшылықтарды шешу үшiн тарихи мәдениет туындыларын сол 
замандағы ахуалды бiлу, барлық жан-дүниеңмен соған өткендей болып 
сезiну арқылы түсiнуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген 
ұғыммен бередi. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта сурет-
теп қана қоймай, сонымен бiрге қайтадан толғанып, оның өмiршеңдiк 
жақтарын түсiндiре бiлуi керек.
Анри Бергсон
(1859-1941 жж.) – «өмiр философиясының» шеңбе-
рiнде 
«шығармашылық талпыныс»
ағымын жасайды. Оның 
ойынша, алғашқы да ең терең шындық – ол белгiлi бiр толыққанды 
бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол – сол өмiрдiң 
қалдықтары. Өмiр – «өмiрлiк талпынысқа» (elan vital), яғни ешқашанда 
тоқталмайтын шығармашылық өзгерiске, қалыптасуға тең. Материя – 
болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе 
де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан табиғаттың 
тарихи күрделенуi, өрлеуi – өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. 
Олай болса, дүние – бiрегей, тоқталмайтын, өне бойы жаңа формаларды 
бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық.
А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге 
өзiнiң 
интеллектi
(ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенi-
мiз – ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-
бiлуi, ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы 
жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас 
бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн 
тудырады. Интеллектiнің қайнар көзi – адамның материалдық дүниедегi 
iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiлігiн қамтамасыз 
ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе, А.Бергсонның ойынша, – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет