Серік Мырзалы философия оқу құралы


Логос – грек сөзі және оның  мағынасы әртүрлі –  ілім, сөз, сөйлем, баяндау, есептеу, қатынастарды



Pdf көрінісі
бет62/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Логос
– грек сөзі және оның 
мағынасы әртүрлі – 
ілім, сөз, сөйлем, баяндау, есептеу, қатынастарды 
анықтау
т.с.с. Гераклиттің филосо-фиясында Логос заң ұғымына 
жақын. «Ақылдылыққа үйрену үшін Логосқа жақынырақ болу керек, 
қаланы өркендету үшін оның заңдарын күшейту қажет», – деген 
Гераклиттің нақыл сөздерінен Логосты дүниенің өзгеру заңдылықтары 
деп түсінуге болады.
Гераклиттің Логосын, ол кісінің айтуынша, қайсыбір адам түсіне 
бермейді. «Маған Логосты тыңдау, даналықты мойындау, бәрі де – 
бір».
Гераклиттің «Aіon – асықтармен ойнап жатқан сәби» деген ойы 
жөнінде осы уақытқа шейін философтар әртүрлі түсініктемелер береді. 
Біздің ойымызша, ол заңды түрде сөніп, тағы да лапылдап от болып 
жатқан дүниедегі кездейсоқтықтың үлкен орнын көрсеткісі келгендей. 
Ал мұндай көзқарас қазіргі философиядағы Дүние жөніндегі, оның 
өз бойында орасан зор әртүрлі даму мүмкіншіліктерінің бар екені, 
олардың өмірге кездейсоқтық арқылы кішкентай ғана бөлігінің іске аса-
тынын еске түсіреді.
Сонымен, алғашқы грек философтарының ішіндегі Гераклиттің 
орнының ерекшелігін, оның аса ғұлама тұлға екенін, қорыта келе, тағы 
да атап өтуіміз керек.
Келесі үлкен тұлға – 
Пифагор
(VI-V б.ғ.д.). Жас кезінен бастап 
білімге деген құштарлығы оны шығысқа – Мысыр еліне тартты. Еліне 
қайтып оралғаннан кейін, ол өзінің құпия мектебін ашып, философия-
сын шәкірттеріне таратты.


68
Пифагор математика ғылымымен айналыса келе, дүниедегі құбы-
лыстардың заңдылықтарын математикалық 
сандық
өлшемдермен 
беруге болатынын байқайды. Олай болса, дүниенің алғашқы негізі 
суда, ауада, жерде т.с.с. емес, 
санда
болар деген ой келеді.
Міне, осы сәттен бастап, дүниетанымға жаңа көзқарас кіріп, Батыс 
мәдениетінің ерекшеліктерінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. 
Музыка саласында дыбыстардың арақатынасы математикалық түрде 
көрсетіле бастады. Жердегі ауа райының өзгеруі, маусымдардың келу 
ерекшеліктері, тіршіліктің даму кезеңдері – бәрі де математикалық 
заңдылықтарды көрсетті. Өздерінің космологиясында олар геоцен-
тризмнен (geos – грек сөзі, жер; centrum – латын сөзі, орталық) бас 
тартып, жердің шарға ұқсастығын, Күннің тұтылуы Айдың Жер мен 
Күннің екі ортасынан өтуінде екенін т.с.с. көрсетті.
Сонымен, сан – заттардың алғашқы негізі. Бүгінгі таңдағы біз-
дерге сан – абстракция, ақыл-ойдың туындысы. Бірақ антикалық 
ой шеңберінде сан – ол шындықтың алғашқы негізі, ол заттардың 
«фюзисі», яғни табиғаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет