Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет70/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Платон мен Аристотель
болды.
Платон
(б.з.д. 427-347 ж.) өзінің осы атын (platos – грек сөзі, кең) 
кең иықтылығының арқасында Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. 
Оның шын аты – 
Аристокл
. Платонның әкесі атақты рудан шыққан, 
ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді.
20 жасында Сократпен танысып, өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс 
жасайды, сөйтіп, ол өзінің өмірін толығынан философияға арнайды.
Платонның еңбектерінің ерекшелігі – ол оның барын сұхбат ретінде 
жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон сегіз жыл бойы Сократпен бірге 
болған кезде игерген. Екінші ерекшелігі – сұхбаттың негізгі кейіпкері – 
Сократ. Сөйтіп, Платон өзінің ойларын осы Сократ кейпі арқылы 
жеткізеді. 
Платонның негізгі еңбектері 
«Сократты жақтау», «Критон», 
«Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар»
т.с.с. 
Платонның көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен – Гераклит. 
Ол оның негізгі тұжырымы «Бәрі де – ағым», «бітпейтін өзгерісті» 
толық қабылдайды, бірақ тек ол біз өмір сүріп жатқан дүниеге тән.
Екіншіден, оған Элея мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін 
тигізді. Ол – қозғалмайтын, мәңгі, бір Болмыс идеясы.
Үшіншіден, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұғым-
құндылықтары – Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік.
Төртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығатын 
өлшемдік ұғымы.
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі – оның «Эйдос» 
(идея) әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, 
өйткені дүние – ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз 
өзіміздің білімімізде тұрақтылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін 
ұғымдар жасауға, яғни дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді 
біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның қайнар көзі 
«Шынайы болмыста» – Эйдос әлемінде, «қол астындағы болмыстан» 
біз оны таба алмаймыз.
Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін оның әртүрлі 
диалогтарындағы Әсемдік, Ізгілік, Әділеттілік, Батылдық т.с.с. ұғым-
дарды Сократтың атынан талдағанда көреміз.


79
«Үлкен Гиппий» деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: 
«Расында да, ізгіліктен барлық ізгі істер, әділеттіліктен барлық 
әділеттік, әсемдіктен барлық әсем заттар тумай ма?».
– Әрине, – деп жауап береді Гиппий. – Әсемдік, мысалы, – әсем қыз.
Оған Сократ: «Неге әсем би, иә әсем құмыра емес?» – деген сұрақ 
қояды. Әрбір зат, бір жағынан, әсем, екінші жағынан, басқа заттармен 
салыстырсақ, түрсіз болуы мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ 
жалпы әсемдік керек қой.
Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі мораль-дық 
құндылықтардан іздейді, бірақ таба алмайды.
Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі әсемдік идея-
сында жатыр. Оның қайнар көзі «Эйдос әлемінде». Сонымен, сезімдік 
әлемнен басқа тұрақты, мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа 
әлем – идеялар әлемі бар екен. Егер бұл әлемдегі заттар сезім арқылы 
танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес 
келуі керек. Олай болса, идеялар – ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол – 
шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін 
қалыптастырады, сол себептен оны дүниеге әкеледі, оның «парадигма-
сын» (paradeіgma – грек сөзі, үлгі) құрайды.
Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін, Платон «Үңгір жөніндегі 
аңызды» пайдаланады. Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология 
және диалектиканың нышанына айналды.
Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адам-
дарды елестетейік. Үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан 
оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер 
бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп, 
бір-бірімен сөйлесіп келеді.
Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан 
көлеңкелері көрінеді, түсініксіз күңгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ 
жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір 
екен ғой деп есептейді. Бірақ сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-
толғанып, ақырында, өзінің көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі 
мүмкін. Ал екіншісі аяқ-қолын қалайда шешіп, үңгірдің сыртына 
шығып, Күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін, шынайы 
өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған Күннің өзін 
көреді.
Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға 
болады?
Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде – сезімдік бол-
мыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлең-
келер – сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар – нағыз 
болмысты, құдіретті әлемді көрсетеді, ал Күн – ол ізгілікті көрсететін 
идея.


80
Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады – ол сезімдік 
таным, ақыл-оймен тану, интуитивтік (іntuіtіo – латын сөзі, ақиқатты 
еш дәлелдемесіз-ақ оймен көру) жолмен соңғы себептерге жету.
Үшіншіден, бұл аңыздың моральдық, аксиологиялық жағын да 
байқауға болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде 
болу – ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір сатысына көтерілу – ол нағыз 
болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал Күннің өзін көріп-тамашалау – ол 
құдіретті күшті көрумен тең.
Ал идеялар әлемі бар болса, оның қай жерде екені туралы заңды 
сұрақ туады. Оның орнына Платон: «Гиперуранияда – ол аспаннан 
да жоғары орналасқан», – дейді. Олай болса, ол материалдық әлемнен 
басқа, оны тек ақыл-оймен ғана түсінуге болады.
Платон идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай 
болса, оның төменгі және жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас 
бөліктері бар. Жүйенің ең шыңында ізгілік идеясы орналасқан. Ол – 
Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау – ол Диада – шексіз 
көптіктің бастауы, үлкен мен кішкентайды, шексіз үлкен мен шексіз 
азды қамтиды.
Осы екі бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. Әрбір идея, бір 
жағынан, шексіз, екінші жағынан, шектелген.
Бірақ әңгіменің ең қиындығы – идея әлемі материалдық дүниені 
қалай тудырады? Материалдық емес нәрсе – материалдық сезімдік 
өзгеріп жатқан әлемді қалайша дүниеге әкеледі?
Платонның ойынша, материя – мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп 
жатқан енжар нәрсе. Оны хаостық (chaos – тұңғиық, белгісіз, бітімсіз, 
еш тәртіпсіз деген мағына береді) жағдайдан ғарышқа, тәртіпке 
келтірілген дүниеге әкелген – 
Демиург
. Ол мінсіз әлемді үлгі ретінде 
алып, материяға бітім беріп, бұл дүниені тудырды.
Идея әлемі – парадигма – ол мәңгі, алғашқы, Демиург та Құдай 
ретінде мәңгі, бірақ сезімдік әлем, түпнұсқа емес, жасалған, көшірмелі 
болғаннан кейін – өтпелі, жалған, көлеңке.
Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея 
әлемін қатты сынға ала аламыз. Әрбір дүниедегі жеке заттың тек өзіне 
ғана тән жақтарымен бірге басқа заттарға оны жақындататын жалпы 
жақтары бар. Адам таным үдерісінде заттардың жалпы қасиеттерін 
зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды туғызады. Оны адам тіл арқылы 
береді. Олай болса, әрбір сөз, әсіресе ғылыми ұғымдар, дүниені жалпы-
лайды. Мысалы, адам ұғымы жер бетінде өмір сүріп жатқан 6,3 млрд 
адамзатты қамтиды. Нақтылы жеке адам дүниеге келіп, кетуі мүмкін, 
ал адам ұғымы қала береді. Бірақ осы нақтылы тірі өмір сүріп жатқан 
адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді.


81
Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес, әңгіме сол идеялар 
әлемін тудыратын ұғымдарда. Платоннан кейін ұғымдарды зерт-
теу, олардың табиғатын ашу, бір-бірімен байланысын көрсету – 
философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды.
Енді Платонға қайта оралып, оның таным теориясына (гносеоло-
гия) келетін болсақ, онда оның негізінде 
анамнез
(anamnesіs – грек 
сөзі, еске түсіру) жатыр. Адамның жан дүниесі мәңгілік, оның шыққан
тегі – идеялар әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жаны-
мыз өзінің мінсіз әлемінде болған шағын еске түсіре отырып қана 
ұғымдарды тудырады.
Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған, 
өйткені бұл өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жол-
мен танылған пікірді Платон 
докса
(doxa – грек сөзі, пікір) дейді. 
Егер пікірді біз соған сәйкес ұғыммен негіздесек, онда ол ғылымға 
айналады. 
Платонның ойынша, бұл өмірде бізді идеялар әлемін жалғас-
тыратын жалғыз ғылым – жан дүниесі ғана емес, сонымен бірге Эрос 
және сүйіспеншілік. Олар бізді құдіретті әлеммен байланыстыратын 
көпірге ұқсайды. Эрос бізге қанат-күш беріп, әсемдіктің әртүрлі саты-
ларынан өткізіп, ақырында соған жеткізеді.
Ал сүйіспеншілікке келсек, ол – сұлулық пен ізгілікке құмарту. 
Олай болса, ол – философия, даналықты сүю, өйткені даналықтың өзі 
сұлулық пен ізгілікті сүюмен тең.
Сүюдің бірінші баспалдағы – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет