Серік Мырзалы философия оқу құралы


болмысымыз , біз өмірді  сүйеміз



Pdf көрінісі
бет92/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

болмысымыз
, біз өмірді 
сүйеміз
. Және біз айнала қоршаған 
ортаны 
танып-біле
аламыз. Сонымен, 
өмір сүру, білу, сүю
– адам 
болмысының үш жағы, олай болса, біздің жан-дүниемізде Құдай 
бейнеленеді.
Ақиқат және оған жету мәселесі
Августин философиясында 
ақиқат
– жан-дүние мен Құдайды бір-
бірімен қосатын ұғымдардың бірі. Таным үдерісі түйсіктерден баста-
лады. Қоршаған заттар біздің сезімдерімізге өзінің әсерін тигізеді, ал 
жанымыз олардың барлығын белгілі бір тәртіпке келтіріп, заттың 
қабылдануына әкеледі. 
Ал ақыл-ойға келетін болсақ, ол диалектикалық жолмен жүреді. 
Мысалы, «Егер дүниеде төрт стихия болса, ол бесеу емес; Егер Күн 
біреу болса, ол екеу емес; Бір жан-дүниені алсақ, ол өліп, сонымен қатар 
тірі болмайды. Бір адамды алсақ, ол масайрап, сонымен қатар бақытсыз 
бола алмайды». 
Августиннің айтуынша, сезімдік дүние бізді тұрақтылыққа әкел-
мейді, ол өне бойы өзгереді. Адамның денесі де өзгерісте, ал ақыл-ой – 
тұрақты. 
Олай болса, «ақыл-ой» дегеніміз – жан-дүниенің жанары мен жүзі, 
сол арқылы ол ешқандай дененің көмегінсіз ақиқатты көре алады. 
Айнала қоршаған заттарды көру үшін Күннің сәулесі керек; Сол 
сияқты, ақиқатқа жету үшін ерекше сәуле түсуі керек. Ол үшін Құдай 
идеясы керек. Онда танымның үш бастауы бар. Ол – оның 
өмір 
сүріп 
жатқандығы, 
тануға-білуге
болатындығы және соларды 
біліп-
танылатын
қылатындығы.
Августиннің ойынша, Құдай мен ақиқат – тең. Бірақ олардың ара-
сында, сонымен қатар айырмашылық та бар. Ақиқат – Құдайдың 
ойы. Бұл арада Платонның «Идеялар әлемі» есімізге келеді. Тек қана 


108
Августиннің идеялары Жаратушының дүниені тудырар алдындағы 
ойлары ретінде түсініледі. 
Сөйтіп, Құдайда ойлау заттардан ерте, ал адамдарда заттардан кейін 
жүреді. Енді, міне, біз Августиннің Құдай ұғымына тікелей жетіп 
қалдық. 
Құдай мәселесі
Августин христиан философиясында Құдай болмысының үш дәлел-
деуін ұсынады. 
Бірінші дәлелдеуде ол дүниенің жетілгендігін ұсынады. Дүние 
қаншалықты әртүрлі және өзгерісте болғанменен, ол хаос емес, онда 
тәртіп, әсемдік бар. Дүние ешқандай сөзсіз-ақ бізге Жаратушыны, оның 
құдіретті күшін көрсетіп тұрғандай. 
Екіншіде бүкіл адамзаттың Құдайдың болмысы жөніндегі келісімі, 
оны мойындауы, көнуі жатыр. «Құдайдың дүниедегі билігін, адамның 
ақылы болса, аңғармайтын адам жоқ. Егер біз азмұз табиғаты бұзылған 
адамдарды есептемесек, қалған бүкіл адамзат Құдайдың болмысын 
мойындайды». 
Үшінші дәлелдеу игіліктің баспалдақтық табиғатынан шығады. Ең 
соңында біз ең жоғарғы игілікке – Құдайға келіп тірелеміз.
Расында да, дүниеде тегіс дала бар. Соқпақтар, таулар бар. Дүниеде 
бір зат әсем, ал екіншісі одан да әсем, бір зат пайдалы, ал екінші зат 
одан да пайдалы. Ал олардың барын салыстырып анықтау үшін, біз еш 
нәрсемен салыстырылмайтын өзіне-өзі тең, таза игілікті қажет етеміз, 
ол – Құдай. 
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет