181
жетуге болады. Еңбек пен меншiк қоғамның, бүкiл мәдениеттiң
негiзiн құрайды. Бiр акр өңделген жер сол көлемдi өңделмеген жермен
салыстырғанда 10 есе қымбат, өйткенi өңделген жерге адамның еңбегi
сiңген. Еңбек – қайсыбiр құндылықтың, бағаның қайнар көзi.
Мемлекет мәселесiне келер болсақ, оның пайда болуы қоғамдық
шартқа байланысты. Мемлекетпен бiрге азаматтық ахуал пайда болады.
Табиғи ахуалдан азаматтыққа өткенде, адамдардың ерiктiгi мен
қолындағы меншiгi сақталуы қажет.
Мемлекеттiң негiзгi мақсаты – азаматтардың меншiгiн қорғау. Мем-
лекет түнгi қарауылшыға ұқсауы қажет. Күндiз азаматтар өздерiнiң
меншiгiн өз ерiктерiмен пайдалануы керек. Тек мемлекет олардың
iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiгiн қадағалап отыруы қажет.
Дж.Локк алғашқылардың бiрi болып, өзiнiң саяси философиясында
өкiмет билiгiнiң бөлiнуiнiң қажеттiлiгiн көрсеттi. Заң билiгi – пар-
ламентте, атқару билiгi – сот пен армияда, федеративтiк билiк (басқа
мемлекеттермен қарым-қатынас орнату) король мен үкiметтiң қолында
болуы қажет.
Дж.Локк өз заманының ойшылы ретiнде дiннiң мемлекеттен
бөлiнуiн, бiр-бiрiнiң iстерiне өзара қол сұқпау керектiгiн басым
көрсетедi. Адамдар басқалардың да дiнiн сыйлауы қажет, бұл салада
үлкен төзiмділік керек, өйткенi кез келген қоғам дiни-рухани тiрексiз
өмiр сүре алмайды.
Мiне, осымен ХVII ғасырда өмiр сүрген ең ұлы философтардың
дүниеге деген көзқарастарын осымен аяқтап, келесi сөздi ХVIII ғасырға
беремiз.
Достарыңызбен бөлісу: