Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 6. Д.Локтың философиялық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет157/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия
РУКОВОДСТВО ПО ИНТЕРПРЕТАЦИИ ОБНОВЛЕННЫХ СТАНДАРТОВ АМБУЛАТОРИЯ, Фил тезисы, Отбасы ж не азіргі заман Отбасыны леуметтік ызметтері
§ 6. Д.Локтың философиялық көзқарастары
Джон Локк 
(1632-1704 жж.) – ХVII ғ. философия ғылымына зор 
әсерiн тигiзген ұлы ағылшын ғалымы. Оксфорд университетiнде оқып, 
бiлiм алған. Алғашында медицина ғылымымен айналысып, кейіннен 
саясатқа бетбұрыс жасаған. Өмiрiнiң соңғы кезеңiнде философияға көп 
көңiл бөлген тұлға.


177
Негiзгi еңбектерi: 
«Адамның зердесi туралы тәжiрибелер», 
«Мемлекеттi басқару жайындағы екi трактат», «Тәрбие жөнiндегi 
кейбiр ойлар»
т.с.с.
Онтология мәселелері
Өзiнiң дүниеге деген жалпы көзқарасында Дж. Локк тәжiрибе 
арқылы зерттелетiн заттарды эмпириялық субстанция дейдi. Сонымен 
қатар ол философиялық субстанция деген ұғымды тудырады, оған ол 
барлық материалдық заттарды жатқызады.
Материя – орасан зор өлi кесек, ол өзiнiң күшiмен ең ақыр 
аяғы қозғалысты да тудыра алмайды. Өлi материя оның сыртында 
тiршiлiктен де соншалықты алыс.
Онда дүниедегi қозғалысты, тiршiлiк әлемiн кiм тудырғаны туралы 
заңды сұрақ туады. Өз заманындағы көп ойшылдар сияқты Дж.Локк
та бұл арада Құдай идеясына қайтып оралады. «Осы жоғарыдағы 
көрсетiлген қозғалыс пен тiршiлiк Құдайдың құдiреттi күшi арқылы 
пайда болды. Бiрiншi, мәңгiлiктi ойлайтын пенде жаратылған өлi 
материяның кейбiреулерiне белгiлi бiр дәрежедегi сезiм, қабылдау және 
ойлау қасиеттерiн беру мүмкiндiгiнен ешқандай қайшылықты көрiп 
тұрған жоқпын», – дейдi ұлы ойшыл. Демек, Құдай жаратқан дүние 
ары қарай өз заңдылықтарының негiзiнде дамиды.
Ал Құдай мәселесiнiң өзiне келсек, ол жөнiнде бiр нәрсе айту өте 
қиын, әсiресе оның денесi бар ма, иә болмаса ол таза рух па деген 
сұраққа ешкiм жауап бере алмайды.
Бiрақ оның өмiр сүруiнде күмән жоқ. «Жаратылған дүниеде айқын 
даналық пен құдiреттi күш соншалықты көрiнiп тұр, сондықтан кiм 
ол жайында терең ойланса, Құдайдың болмысын ашпай қоймайды», – 
дейдi ұлы ойшыл.
– Сонымен, Құдай идеясына адам ойлау тәжiрибесi арқылы жетедi, 
ары қарай ойлау арқылы бiз Құдайдың шексiздiгi мен мәңгiлiн аша ала-
мыз, – дейдi Дж.Локк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет