Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет211/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

еркi басым 


244
ба деген ой келедi. Бұл айтылған ойлар мен толғаныстар Шопенгауердiң 
қозғаған көп мәселелерiнiң бүгiнгi таңдағы өзектiлігiн көрсетедi.
Сонымен қатар Шопенгауердiң «ғарыштық пессимизмiне» толығы-
нан қосылуға болмайды. Әсiресе оның философиясының негiзiнде 
жатқан қағидасына. Расында да, егер бұл дүниенi тудырған бейсаналық 
ессiз ерiк болса, онда бұл дүниенiң неге заңдылықтары, қисыны, тәртiбi 
бар? Егер адамдар осы орасан зор шексiз ғарыштың туындысы болса, 
олар өз көлемi мұхиттың iшiндегi бiр тамшыдай бола тұрып, оны 
қалайша тарата алады? Мұндай сұрақтардың санын әлде де көбейте 
беруге болар едi. Ал олардың бәрi де Шопенгауердiң философиясының 
негiзiнде жатқан қағидалардың әлсiздiгiн, жалғандығын көрсетедi. 
Ал ендi адам тағдыры мен өмiрiне келер болсақ, әрине, Homo 
Sapiens – ғарыштың ғажап туындысы, «Ұлы мәртебелi Табиғаттың» 
тудырған ең әсем гүлi, ол адам арқылы өз-өзiн сезiнiп, түсiну дәрежесiне 
көтерiледi. Бүкiл дүниенi шырмап жатқан қайшылықтар адам жүрегiнен 
де өтедi. Бұл дүниеге келген адам өз өмiрiнiң шеңберiнде жақсылық 
пен жамандықтың да дәмiн татады, көпшiлiк жағдайда, өкiнiшке қарай, 
зардаптың салмағы бақытты өмiрден гөрi басымырақ болады, әсiресе 
бүгiнгi жағдайдағы сияқты өтпелi дәуiрлерде өмiр салты, рухани 
құндылықтар қайта қаралып жатқан кезде, көп қиындықтарды бастан 
өткiзуге тура келедi. Ал бұлардың өзi, Шопенгауердiң айтқанындай, 
өмiрден бас тартуға әкелуi керек пе?! Әрине, жоқ. Есi дұрыс адам өмiрдi 
бағалап, оның қызығына тоймайды, ол – бiзге берiлген ең құнды, бағасы 
жоқ сый. Өмiрдегi зұлымдықтың түп-тамыры толыққанды өмiрге 
бiрдеңенiң жетiспей тұрғандығынан шығады. Ұлы Гегель айтқандай, 
бұл дүние – өзiнiң ұғымына толығынан сәйкес келмейтiн бiрдеңе. 
Бiрақ соның арқасында өмiр, талпыныс, жетiлуге деген құмарлық бар. 
Бақыт дегеннiң өзi адамның алдына қойған мақсаттарын iске асырып, 
өзiнiң арнасынан шығып, тасуымен байланысты болса керек. Бiрақ 
өзеннiң көктемдегi тасып, содан кейiн өз арнасына қайтып оралғаны 
сияқты, орындалған арман келесi сатыда адамның алдына жаңа мақсат-
мұраттарды әкелiп, тағы да оның талпынысын тудырады, осы жолда 
ол тағы да қаншама iзденiс, қиындықтар, зардапты өз басынан өткiзедi 
десеңiзшi?! Бүгiнгi өтпелi қоғамда орасан зор қиындықтарға қарамастан, 
қаншама адамдар өзiнiң белсендi iс-қимылдары арқылы жаңа өмiрден 
өз орнын тауып жатыр! Бүгiнгi қиындықтармен қатар, өмiр бiздiң 
алдымызға бұрын-соңды тарихымызда болмаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет