Серік Мырзалы философия оқу құралы


Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер



Pdf көрінісі
бет44/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер
Даоны тану жолында сезімдік, құмарлықтан бізді оған ешқашанда 
жеткізбейді. Адам сезімдік жолмен тек қана шектелген нақты заттарды 
ғана тани алады. Сондықтан адам құмарлықтан арылып, тыныштық 
жағдайға келгенде ғана дүниеге тереңдей алады. 
«Дүние әртүрлі заттардан тұрғанмен, олардың бәрі де гүлдейді 
де, соңынан тамырына қайтып оралады. Оны біз тыныштық дейміз, 
ол бізді мән-мағынаға жеткізеді, мән-мағына тұрақтылыққа әкеледі. 
Тұрақтылықты білген адам жетілудің шыңына жетеді. Жетілген адам 
құмарлықтан арылады, құмарлықтан арылған адам даоға жетеді. Даоға 
жеткен адам – мәңгілік. Даоны түсінген адам қауіптен құтылады».
Дүниетану жолындағы жасалған ұғымдарды сараптап, олардың 
біртекті мән-мағынасын анықтау қажеттігін даосизм асыра көрсетті. 
«Тәртіпті орнатқан кезде аттар қойылды. Заттардың аттары пайда 
болғаннан кейін, оларды шектеу қажет. Ол қателіктерден құтқарады».
Өзіңді танысаң, басқаларды да білесің. Бір отбасынан басқалардың 
бәрін де тануға болады. «Бір елді танып білсең, бүкіл жер бетіндегі 
елдерді білгенің», – дейді даосизм. 
Әсіресе жастарға ой салатын мынандай нақыл сөзбен аяқтайық: 
«Дана адам білімі бола тұра, оны көрсетпейді, надан адам білмесе де, 
білімді сияқты болып көрінгісі келеді».


48
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары
Даосизмнің моральдық ілімі Кун-фу-Цзы (Конфуций) іліміне қарама-
қарсы. Конфуций адамдардың бір-біріне жақсылық жасау керектігі 
қағидасын сынға алып, олар оны «мен – саған, сен – мағанға» теңеп, 
«оның ешқандай моральдық мәні жоқ, тек қана пайда табушылыққа 
итереді» деген ойды айтады.
Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау. 
Сондықтан ондай адам – ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген 
өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса 
керек. Сондықтан даостардың ізгі адамы еш нәрсе жасамай жеңіске 
жетеді. «Күреспей-ақ жеңіске жетеді», – дейді даостар.
Даосизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына келетін болсақ, қоғам 
өмірінде адамдардың тәтті тамағы, жылы киімі, тұрақты үйі болса, 
онда олардың өмірі қуанышты. Сонда ғана көрші мемлекеттер бір-біріне 
алыстан қарап, бір-бірінің әтештерінің шақыруын, иттерінің үруін 
тыңдап, өздерінің қартайып өлгендеріне шейін бір-біріне тимейтіндігін 
айтады.
Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал 
білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек деген пікір 
айтады. Өйткені әрекет жасамау барлық заттардың өзінің мақсатына 
лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.
Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше, 
«ең жақсы елбасын, яғни тек оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет