Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет45/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

бар екенін 
ғана халық біледі. Ал 
халық сүйетін және көтеретін елбасы – екінші дәрежеде. Содан кейін 
халықты қорқытып ұстайтын елбасы келеді. Егер халық елбасынан 
жиіркенсе – онда ол ең жаманы».
Даосизм елдің әділеттілік арқылы басқарылатынын, соғыстың 
қулық арқылы жүретінін айтады. Елді басқару дәрежесіне көтерілу еш 
нәрсе жасамау арқылы болмақ (У-.Вей – заттың табиғи қалыптасуына 
тежеу жасамау).
Егер елбасы еш нәрсеге килікпесе, онда қоғам өмірінде тыныштық 
орнап, барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, 
онда халықтың көңілі де жайлы. Бірақ үкімет неше түрлі іс-әрекетте 
болса, онда халық бақытсыздыққа ұшырайды.
Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға 
қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкаппарлықтың зияндылығын баса 
көрсетеді. «Ең бақытсыздық – өз құмарлығының шегін білмеуде, ең 
қауіптілік – асқан байлыққа жетуге ұмтылуда».
Даостар – соғысқа қарсы. Соғыста болған жеңісті мадақтау – адам-
дарды өлтіргенмен тең. Сондықтан ізгі басшы көршілермен тату тұруға, 
егер қайшылықтар пайда болса, оны бейбіт түрде жол беру арқылы 


49
шешу керектігін айтады. Сондықтан қашанда соғысты бірінші болып 
ашудан бас тартқан жөн деп есептейді.
Конфуций ілімі – Қытайдың моральдық философиясы
Конфуций (551-479 б.ғ.д.) – Қытай халқының ұлы ойшылы, саяси 
қайраткері, тәрбиешісі, осы уақытқа дейін өзінің ықпалын тигізіп 
келе жатқан философиялық ағымның негізін қалаушы. Негізгі еңбегі – 
«Лунь-уй» (әңгімелер мен пікірлер).
Конфуций философиясында қойылған онтологиялық (болмыс) 
мәселелерге келер болсақ, ойшыл өзінің болмысқа, дүниеге деген 
жалпы көзқарасында сол кездегі қалыптасқан ой-өрістің шеңберінде 
болған. Аспандағы дао заңдылықтарына табынып, тағдырға сенген. 
Мысалы, «Лунь-уй» кітабында: «Аспан жөнінде не айтуға болады? 
Жылдың төрт маусымының ауысуы, болмыстың дүниеге келуі. Басқа 
не айтуға болады? Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз 
ерге жатқызуға болмайды», – дейді ұлы ойшыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет