50
нында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға «ұлтшылдық» таңба тағылып,
қудаланған болатын. Сондықтан халықтың «мәңгүрттенуі» де көбінесе
осыған байланысты болды.
Бүгінгі таңдағы жаңару үстінде біз өз мәдениетіміздің көп жағымен
«қайтадан танысып», халықтық дәрежемізді көтерудеміз.
Конфуцийдің айтуына қарағанда, адамдарды екі түрге
бөлуге
болады. Олар: «ізгі адам» (цзюн-цзы) және «ұсақ адам» (сяо-жень).
«Ізгі адам» өз алдына үлкен талаптар қояды, ал «ұсақ адам» талапты
басқалардың алдына қояды.
Ізгі адамға үлкен істерді тапсыруға болады, ұсақ адамға сенуге бол-
майды. Ізгі адам басқа адамдармен тіл тауып,
бірақ өмірде өз жолын
іздейді. Ұсақ адам басқа адамдармен бірге болғанымен,
ұрыс-керіс
тудырады. Ізгі адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын,
ұсақ адам өзінің өмірін ит сияқты орда бітіреді.
Достарыңызбен бөлісу: