61
үлкейеді.
Раджас пен саттва жеңілсе, онда тамас ұлғаяды. Тамас пен
саттва жеңілсе, раджас күшейеді.
Саттвасы ұлғайған адам өлгенде таза әлемге жетеді.
Раджасы
ұлғайған адам өлгенде, ол тағы карманың шеңберінде
туады.
Тамасы ұлғайған адам өлгенде, олар адасқандардың ішінде қайта
дүниеге келеді.
«Саттваға тұрақтылар жоғарыға бағыттайды, раджасқа сенім
артқандар
ортада қалады, тамасқа сенгендер төменге, қараңғыға
кетеді».
Үнді философиясында
чарвака
бағытының
қағидалары қарапайым
адамдардың арасында кең тарағанға ұқсайды.
«Осы өмірде бақытты болуға тырысайық!
Өлмейтіндер бұл өмірде жоқ екен.
Ол өлген сәтте күлге айналады.
Қалайша, ол бұл өмірге тағы келеді».
Олай болса, чарвактар өмірдің мәнін
байлық пен ләззат
алудан
көрген, олар о дүниені мойындамаған.
Дүниеге құмарту, одан ләззат алудан ол бізге зардап әкеледі деп неге
қашамыз? Біз өмірден ләззат алып, зардаптан құтылуымызға болады. Ол
балықты ұстап алып етін жеп, сүйегін
лақтырып, күрішті қабығымен
алып, оны тазалап жеген сияқты деген пікір айтады.
Чарвактар әсіресе брахман дініне қарсы шығып, о дүние, жұмақ,
тозақ ұғымдары адамдарды қорқытып,
сондай көзқарасты тарату
арқылы өзін асырап жүрген, ақылы мен еңбекқорлығы жоқ адамдардың
айласы деген пікір айтады.
«Егер құрбандыққа шалынған жануар аспанға аттанса,
Онда соны жасаған адам өзінің әкесін неге шалмайды?».
«Бұл өмірде ойнап күл де, қарызға алсаң да, іхид (шараптың бір түрі)
іш. Ертең-ақ күлге айналғанда, қайта өмірге келесің бе? Егер денеден
кеткен басқа әлемге аттанса, онда ол өзі сүйетіндерге неге қайта орал-
майды?» – деген өткір сұрақтар қойып, өз заманындағы брахмандармен
күрескен.
Үнді философиясында дүниенің негізін екі бастамадан – пра-
крити (материя) және пурушадан (жан) шығармақ болған ағымды да
кездестіруге болады.
«Білгің келсе, пракрити мен
пуруша екеуінің де бастауы жоқ; біл,
сананың өзгеруі пракритиден шығады; себеп пен іс-әрекеттің қайнар
көзі пракритиде. Пуруша пракритидің тудырған гундарынан ләззат
алады», – дейді.
Қорыта келе, біз көне үнді
философиясынан тамаша ойлар
кездестірдік.
62
Олардың көбі біздің қазіргі заманға лайық, бүгін өмір сүріп жатқан
адамдарға өзінің зор әсерін тигізеді.
Бүгінгі қоғамның интеллектуалдық топтарында кейбір адамдардың
үнді дініндегі секталарға қызыға қарауы, соған кейде мүшелікке кіруі
ол, әрине, бүгінгі таңдағы елдегі рухани дағдарыспен байланысты.
Сонымен қатар үнді халқының бейбіт рухы, адамның бұл өмірде орын
табу жөніндегі толғанысы өзіне баурап, тартпай қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: