63
Егер Афродита сүю мен құнарлықтың әсем Құдайы болса, онда
Пандора әсем зұлымдықты көрсетеді.
Зевстің бұйрығы бойынша,
ұста Құдайы Гефест Пандораны өте әсем қылып жасап шығарды.
Ол адамдарға келгенде өзімен әкелген қобдишасын ашып, бүкіл
зұлымдықтарды жер бетіне шығарып жіберді, тек қана оның түбінде
үміт қалыпты.
Көне гректердің Құдайларының ішіндегі әділ қазысы – Фемида,
әділеттілікті қадағалап байқап отыратын – Дике.
Егер Эфир Күн Құдайы болса, онда Нюкта – түн Құдайы. Нюкта
ешкімге қосылмай, жалғыз өзі алдауды, құмартуды, қайғыны, аштықты,
кәрілік пен өлімді тудырыпты.
Ал адамға келетін болсақ, грек мифологиясында оның жаны (психе)
және ақыл-ойы (нус) бар.
Жануарлардың жаны болғанымен, олардың
ақыл-ойы жоқ. Нус – адамдарға ғана тән құбылыс.
Адам өмірінің ұзақтығын, жасын анықтайтын Құдай – ол Мойра,
ал адамның тағдырын анықтайтын – Ананке. Ал
Тихе деген тағдыр
Құдайы белгілі бір кездейсоқтықтың негізінде адамның тағдырын күрт
өзгертіп жіберуі мүмкін. Адамның ақыл-ойы мен сезімінде шабыт
тудыратын құдайлар – Музалар. Эрато – махаббат пен поэзияның,
Клио – тарихтың, Мельпомена – трагедияның, Терпсихора – бидің,
Талия – комедияның, Урания – астрономияның музалары.
Оқырманның байқағанындай, бұлардың барлығы – қазіргі мәдениет,
білім салаларында осы уақытқа шейін айтылатын кейіпкерлер.
Достарыңызбен бөлісу: