Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет58/521
Дата04.10.2022
өлшемі3,76 Mb.
#151510
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   521
Байланысты:
Серик Мырзалы Философия

Гректердің «Жеті данасы»
Грек философиясының пайда болып қалыптасуына өзінің тікелей 
әсерін тигізген – олардың «Жеті данасы». Олар б.з.д. VII ғасырда өмір 
сүрсе керек, аттары – Фалес, Клеобул, Питтак, Биант, Солон, Хилон, 
Анахарсис. Соңғы кісінің шыққан мекені – қазақ жері болса керек. Білім 
іздеп сонау Грекияға барып, Солон патшаның кеңесшісі болыпты-мыс 
деген аңыз бар. «Сіз қалай ойлайсыз, жер бетінде өлі көп пе, тірі көп 
пе?» – деген сұраққа ол кісі сұрақпен жауап қайтарған екен: «Түбінің 
қалыңдығы үш елі тақтайдан жасалған қайықтағы теңіздің толқынында 
жүзген адамдар өлі ме, әлде тірі ме?». Осы жауаптан Анахарсистің 
ХХ ғ. пайда болған экзистенционализм философиясының негізгі 
қағидаларының бірі – адам өмірінің нәзіктігі, ол тек «шекаралық», яғни 
өмірмен өлімнің екі ортасында қалған жағдайда өзінің өмірінің мән-
мағынасын ашатыны жайлы шындықты болжай білгенін байқаймыз.
Гректің «жеті данасы» үлкен философиялық туындылар қал-
дырмаған, олар кітап жазбаған. Бірақ олардың дүние, адам, таным 


64
мәселелеріне арналған біршама нақыл сөздері қалған. Кейбіреулерімен 
таныстырайық.
Клеобул: «Өлшем – ең жақсы», «Әкеңді сыйла», «Көбірек тыңда, 
азырақ сөйле», «Ләззатты ауыздықта», «Әйелді теңіңнен ал» т.с.с. деп 
айтқан екен.
Солон патшадан мынандай нақыл сөздер қалыпты: «Зардап туды-
ратын ләззаттардан аулақ бол», «Әке-шешеңнің пікірлері әрқашанда 
дұрыс» (бұған күмән келтіруге, әрине, болады. – С.М.), «Елді басқару 
үшін, ең алдымен көнуді үйрен», «Көрмегенді айтпа, білмесең – 
үндеме». «Ұлы істермен бәріне жақсы болу қиын».
Хилон былай депті: «Өзіңді тани біл», «Тойды арзан ақыға жаса» 
(әсіресе қазақтарға керек. – С.М.), «Өлгенді көтер, үлкенді сыйла», 
«Тілің ойыңнан озып кетпесін» (әсіресе бізге керек нақыл сөз. – С.М.).
Фалес: «Әке-шешеңді қалай сыйласаң, балаларың соны жасайды», 
«Ең жаман нәрсе – тәрбиесіздік», «Өлшемді сақта», «Елді басқару үшін 
ең алдымен өзіңді-өзің басқара біл».
Питтак: «Қорқыныш пен үрей болашақта, тыныштық өткенде», «Кек 
алудан гөрі кешіру жақсы».
Биант: «Күнде айнаға қара: әсем болсаң, дұрыс жүр, кемшілігің 
болса, түзетуге тырыс», «Өзімдікінің бәрін өзіммен бірге алып жүрмін».
Периандр: «Талаптан. Сонда ғана барлық арманыңа жетесің», 
«Дүниедегі ең тамаша тыныштықта».
Әрине, осы және басқа нақыл сөздерде жеті дананың өмірден алған 
тәжірибесі, олардың дүниетанымы, адамдардың қарым-қатынасы 
жөніндегі терең ойлары берілген. Осындай рухани тебіреністерден 
кейін грек даласында философияның өзі туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет