жəне сол уақытта өршіп тұрған басқыншылыққа төтеп
беретін кəсіпті іздедім.
Сандық диспетчерлік
байланыс идеясын тапқаннан
кейін оның болашағы үлкен екенін байқадым. Бұл істің
оңды тұсы: оны дамыту үшін көп уақыт пен күш салу
керек, сондықтан ешкім айналыса қоймайды. Бұл нарыққа
ену үшін үлкен кедергі еді. Ешкім бүкіл Ресейді аралап,
ұшақпен мыңдаған шақырымды артқа тастап, өнеркəсіптік
қалаларды аралап, зауыттармен кездесулер өткізіп, оларға
жаңа беймəлім тауар сата қоюы екіталай болды. Барлығы
өз қаласының үйреншікті атмосферасында өмір сүріп,
киім, сусын, опа-далап сияқты артық күш
салмайтын
сұранысқа ие тұтынушылық тауарларды сатумен
айналысқанды қолайлы көрді. Алайда, дəл осы үйреншікті
аядан шығумен байланысты стратегия бізге ең үлкен
жемісін əкелді.
Көп адамдар кəсіпкерлікке дайынбыз деп ойлайды. Өз
бизнесін бастаудың тек жақсы жақтарын көреді:
кəсіпкерлер
ауқатты
тұрады,
бақытты,
табысты,
саяхаттайды, жұмыс кестелерін өздері белгілейді…
Алайда соңдарынан адам ерту жəне өз ісі үшін барлығын
құрбан ету қолдарынан келе ме?!
Мен тəуекелге бел будым, бар ақшамды – ARMAN-ды
ашу үшін тұтас бір жылымды арнадым. Бұл өте күрделі
жыл болды, көп нəрсені жасап, əлі нəтиже көрінбеген
жолдың қиын бөлігі болды.
Жаңа кəсіп бастаған əркім
дəн еккенде, оның бірден емес, уақыт өте келе жеміс
беретінін есте сақтау керек! Төзім қажет.
Істі бастау мен алғашқы нəтижелер арасында əрқашан
белгілі бір кезең бар. Бұл əсіресе В2В бизнесінде солай.
Оның бөлшек саудадан айырмашылығы көп. Егер шай
немесе
балмұздақты қазір, осы жерде сатсаңыз,
корпоративтік сатылымдар үшін уақыт маңызды. Бұл
менің аталмыш саладағы алғашқы тəжірибем болатын,
себебі бұрын бұл салада жұмыс істемегенмін,
сондықтан
уақыттың қаншалықты маңызды екенін түсінбедім. Жаңа
шешім үшін мыналар маңызды болды: 1) алдымен
клиенттердің қажеттіліктерін анықтап, оларға жаңа өнімді
таныстырып, бюджеттеріне кіру; 2) мүмкіндіктерді
қарастыру; 3)
коммерциялық ұсыныс жасау; 4) өнімді
жобалық институтта жобалау; 5) мемлекеттік сараптамаға
келісуге беру; 6) өнімнің өндірісін жүзеге асыру; 7)
клиентке өнімді жеткізу; 8) салу-орнату жəне
іске қосу-
реттеу жұмыстарын жүргізу; 9) орнатылған жабдықты
кəсіпорындағы барлық жауапты қызметтерге жəне
бақылаушы мемлекеттік органдарға тапсыру. Мен басынан
бұл шараларды жүзеге асыруда уақыт жағынан кешеуілдеу
болатынын қарастырмадым,
сол себепті де компанияны
əрі қарай қаржыландыру үшін пəтерімді сататын жағдайға
тап болдым. Бұл мен үшін өте жақсы сабақ болды.
Достарыңызбен бөлісу: